Университеттің бос орындары
Университеттің бос орындары
Университеттің бос орындары

««ТУРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ» МЕКЕМЕСІ

ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМНЫҢ ВАКАНТТЫҚ ЛАУАЗЫМДАРЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Астана қ.                               01 тамыз 2024 ж.

«Туран-Астана» Университеті мекемесі келесі профессорлық-оқытушылық құрамның бос орындарына байқау жариялайды:

Гуманитарлық-құқықтық мектеп

  • «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және тілдік пәндер» кафедрасы:
    • «Аударма ісі» ББ бойынша - доцент, аға оқытушы.
    • «Филология» ББ бойынша - профессор, доцент, аға оқытушы.
    • «Психология» ББ бойынша - профессор, доцент, аға оқытушы.
  • «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасы:
    • «Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Экономиканы құқықтық реттеу» ББ бойынша - доцент, аға оқытушы.

Бизнес және ақпараттық технологиялар мектебі

  1. «Бизнес-әкімшілік» кафедрасы:
    • Кафедра меңгерушісі;
    • «Менеджмент» ББ бойынша - доцент;
    • «Мемлекеттік жергілікті басқару» ББ бойынша - доцент;
    • «Есеп және аудит» ББ бойынша - доцент.
  2. «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасы:
    • «Дизайн», «Декоративтік өнер және этнодизайн» ББ бойынша - доцент, аға оқытушы;
    • «Туризм», «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» ББ бойынша - доцент.
  3. «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы:
    • Кафедра меңгерушісі;
    • «Ақпараттық жүйелер» ББ бойынша - профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы;
    • «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» ББ бойынша - доцент, аға оқытушы, оқытушы.

Профессорлық-оқытушылық құрамның бос орындарына байқауға қатысу үшін «Туран-Астана» университетінің қызметкерлерінің біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ие тұлғалар қабылданады.

Құжаттар тізімі:

  • Белгіленген үлгідегі өтініш;
  • Жоғары білім туралы дипломдардың және/немесе академиялық және/немесе ғылыми дәреженің көшірмелері;
  • Ғылыми атақ туралы құжат, ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (бар болса);
  • Еңбек өтілін растайтын құжат.

Байқауға қатысушы өз білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілікті арттыру курстарынан өткен сертификаттар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныстар және т.б.).

Өтініштер мен құжаттарды қабылдау мекенжайы: Астана қаласы, Ы.Дукенұлы көшесі, 29 үй, В205 кабинет. «Туран-Астана» университеті мекемесі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, сағат 18.00-ге дейін.

Кафедралардағы сұхбат 2024 жылғы 19 тамызда сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін өтеді.

Бос орындарға байқау: 2024 жылғы 20-23 тамыз аралығында сағат 10:00-де өтеді. Мекенжайы: Астана қаласы, Дукенұлы көшесі 29. В410 кабинет.

Анықтама телефоны: +77056579065

Байланыс орталығы