Ғылыми-зерттеу жұмысы

Ғылыми-зерттеу жұмысы

 

«Бизнес әкімшілендіру» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу қызметі негізгі мақсатқа – экономика, менеджмент және мемлекеттік басқару салаларында заманауи кәсіби дағдылар мен біліктілікке ие мамандарды даярлауға бағытталған.

 Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жарияланымдарының саны жыл сайын оң динамикамен артып келеді. Thomson Reuters және Scopus дерекқорларына кіретін импакт-факторы бар журналдарда («Actual Problem of Economics scientific economic journal», «Life Science Journal», «Экономика региона»), сондай-ақ ҚР БҒМ ККСОН ұсынған журналдарда («Экономика: стратегия и практика», «Экономика и статистика», «Туран университетінің хабаршысы», «Ұлттық академия хабаршысы»), РИНЦ базасына кіретін басылымдарда (Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің хабаршысы, «Статистика, есеп және аудит», «Туран университетінің хабаршысы», «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет», «Әлеуметтік және экономикалық жүйелер», «Торайғыров университетінің хабаршысы. Экономикалық серия» және т.б.) жарияланған монографиялар мен ғылыми мақалалардың саны артты.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-әдістемелік және оқу материалдарын, оқу құралдарын, мультимедиялық оқу кешендерін әзірлеп, жариялайды. Бұл өнімдер толыққанды, бірегей және сұранысқа ие болып табылады, сонымен қатар тапсырмалар мазмұны мен білім беру технологияларының икемділігін, бейімделгіштігін және вариативтілігін қамтамасыз етеді. Атап айтқанда: профессор Әлиев У.Ж. «Ғылымның жалпы пәндік теориясының негіздері», «Теориялық экономиканың пәні мен әдісі»; доцент Бабланов Т.К. «Интеграциялық процестер жағдайында адам капиталын дамыту»; доцент Бекбусинова Г.К. «Макро және микроэкономикалық талдау»; доцент Искаков Б.М. «Корпоративтік басқару»; доцент Бекбусинова Г.К. «Баға қалыптастыру» атты оқу құралдары мемлекеттік тілде студенттер мен магистранттарға арналған.

Кафедра оқытушылары өздерінің ғылыми жетістіктерін авторлық куәліктер мен патенттер арқылы белсенді түрде тіркейді. Мысалы, 19.11.2025 ж. №64447 авторлық куәлік – Рахметалиев С.А. «Бюджеттік ұйымдағы дебиторлық берешекті экономикалық талдау» оқу құралына; 10.11.2025 ж. №64155 – «Жергілікті деңгейде жұмыспен қамту саясатын іске асырудағы ХҚКО-лардың рөлі: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер. Қаржы теориясы» оқу құралына; 14.06.2025 ж. №59865 – Бельгибаев К.К. «ЕАЭО экономикасындағы құрылымдық өзгерістер және олардың Қазақстан экономикасының дамуына әсері» оқу құралына берілген.

Кафедра ҚР Қаржы министрлігімен, ҚР Ұлттық экономика министрлігімен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен, ҚР Энергетика министрлігімен, Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасымен, «Байқоңыр ауданының ХҚКО» РМК-мен (Астана қ.), «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен (Астана қ.), «Желдорэкспертиза» ЖШС-мен, ҚР «Атамекен» ҰКП-мен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жетекші коммерциялық банктері мен кәсіпорындарымен ынтымақтастық орнатқан. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 13.11.2017 ж. №5-1-9/5096-4 енгізу актісі доцент Искаков Б.М. «Инновациялық менеджмент» оқу құралына берілген; «Жасыл экономика» және G-Global коалициясының 06.05.2017 ж. №324 енгізу актісі – «Тәуекелдерді басқару» оқу құралына қатысты.

Кафедра шетелдік серіктестермен студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар арасында халықаралық алмасуды жүзеге асырады. Магистранттар мен докторанттар Болгария, Әзербайжан, Испания, Ресей және басқа елдердің жетекші университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтеді. Мысалы, Жагипаров Н.А., Манабаев А.М., Бекенова М.А., Касаткин М.Е., Сайфунова С.А. Омбы өңірлік институтында «Персоналды басқарудың инновациялық әдістері» тақырыбы бойынша тағылымдамадан өтті; Оспан А. – Болгариядағы Варна еркін университетінде; Сағынбеков Е., Баланбаев Д. – Global Career Institute (Түркия) ұйымында.

«Бизнес әкімшілендіру» кафедрасында шетелдік және отандық ғалымдардың, бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен ашық дәрістер, ғылыми семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізіледі. Студенттер шетелдік ғалымдардың арнайы курстарын тыңдады, соның ішінде: «Еңбек нарығы, туризм және Болгария мен Қазақстанның экономикалық даму үрдістерінің өзекті мәселелері» (Стелла Балтова, Болгария); «Бизнес менеджмент» (Оскар Гарсия де Сердио, Испания); «Қала экономикасы» (Ильина И.Н., Ресей); «Ғылыми зерттеулерде қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалану» (Дуброва Т.А., Ресей); менеджмент және IT жобаларды басқару курсы (Медени Тунч Дурмуш, Түркия).

Сонымен қатар практик-мамандардың қатысуымен қонақ дәрістер өткізіледі. 21.11.2025 ж. «Қазақстандағы бизнеске заманауи сын-қатерлер. Не істеу керек?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 04.12.2025 ж. «Алдағы 5 жылда жұмыс қалай өзгереді және неге тез үйрене алатындар жеңеді?» тақырыбында қонақ дәрісі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ э.ғ.д., профессор Әлиев О.Ж. 2025 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Кафедра студенттері, магистранттары мен докторанттары ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Кафедрада «Business club» студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс істейді, жетекшісі – э.ғ.к. Искаков Б.М. Үйірме отырыстарында ай сайын жобалар қорғалып, қазіргі экономика мен бизнес-процестерді ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланады. Сонымен қатар студенттер мен магистранттар жыл сайын өңірлік, республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатысады.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша студенттер мен магистранттар ғылыми үйірмелерде, дөңгелек үстелдерде, халықаралық және республикалық студенттік конференцияларда баяндама жасайды. «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» мамандықтарының студенттері мен магистранттары TAU жас ғалымдарының дәстүрлі жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына белсенді қатысады.