Ғылыми-зерттеу
Ғылыми-зерттеу қызметі
Ғылыми-зерттеу қызметі «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Кафедра оқытушылары ғылыми зерттеулерді белсенді түрде жүргізеді, халықаралық және ұлттық жобаларға қатысады, ғылыми жұмыстардың нәтижелерін жетекші ғылыми басылымдарда жариялайды, сондай-ақ студенттерді ғылыми қызметке тартуда.
Кафедраның ғылыми жобалары
Кафедрада келесі бастамашылық ғылыми-зерттеу тақырыбы (ҒЗТКЖ) жүзеге асырылуда:
«Қазақстанның туристік нарығының дамуының қазіргі тенденциялары»
Ғылыми жетекші — экономика ғылымдарының докторы, профессор Каменова М.Ж.
Осы бағыт аясында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы бірқатар өзекті ғылыми жобаларды жүзеге асыруда:
– «Қазақстан Республикасындағы туристік дестинациялардың экобрендингін дамыту факторы ретінде цифрландыру»
Жетекшілері: э.ғ.д., профессор Каменова М.Ж., Атикеева С.Н., Каражанова М.Х., Сальменова С.К.
Іске асыру мерзімі: 2025–2026 жж.
– «Қазақстандағы туризмнің цифрлық трансформациясы: саланың тұрақты дамуы үшін жасанды интеллект пен экобрендингті интеграциялау»
Жетекшілері: Даулетханова Ж.Д., Каражанова М.Х., Аюпова С.Д., Девадзе А.А.
Іске асыру мерзімі: 2026–2027 жж.
– «Emerging Markets: Central Asian Studies» халықаралық гранттық конкурсы
Жетекші: Даулетханова Ж.Д.
Іске асыру мерзімі: 2025–2026 жж.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері білім беру процесіне белсенді түрде енгізіліп, оқу пәндерін, оқу-әдістемелік материалдарды және ғылыми жарияланымдарды әзірлеу барысында пайдаланылады.
Зияткерлік меншік
Оқытушылардың жоғары ғылыми белсенділігі зияткерлік меншік нысандарына берілген авторлық куәліктердің болуымен расталады. 2025 жылы кафедраның профессор-оқытушылар құрамы оқу және ғылыми әзірлемелер бойынша бірқатар авторлық куәліктер алды, олардың қатарында:
• «Туризм және қонақүй шаруашылығындағы қаржылық менеджмент және есеп жүргізу ерекшеліктері»
• ««Қонақүй шаруашылығы» пәні бойынша практикалық сабақтарды орындауға
арналған әдістемелік ұсыныстар»
• «Гастрономиялық туризм»
• ««Туризмдегі менеджмент» курсы бойынша практикалық сабақтарға арналған
есептер жинағы»
• «Экскурсиялық жобалау»
• «Әлем халықтарының ұлттық асханалары»
• «AutoCAD бағдарламасы арқылы «Инженерлік графика» пәнін оқыту»
• «Костюм композициясы»
• «Сәндік-қолданбалы өнер»
• «Түркістан гиді»
• «Қазақ мультипликациясының жағдайы мен перспективалары»
• қысқаметражды фильмнің сценарийлік туындысы «Идеальный космонавт»
Жалпы алғанда кафедра оқытушылары 25-тен астам авторлық құқық нысандарын тіркеген, бұл ғылыми-әдістемелік қызметтің жоғары деңгейін көрсетеді.
Ғылыми жарияланымдар
Кафедра оқытушылары зерттеу нәтижелерін Scopus деректер базасында индекстелетін халықаралық ғылыми журналдарда, сондай-ақ ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ККСОН) ұсынған журналдарда белсенді жариялайды.
Халықаралық журналдардағы жарияланымдар (Scopus)
Каменова М.Ж.
Activating the Social Responsibility of Business Structures in the Context of Transition 4.0 as a Condition for Effective Economic Management Montenegrin Journal of Economics, 2025.
Галиакбаров Е.Э.
Conquering Heights, Challenging Norms: The Motives and Experiences of Elite Female Climbers in a Patriarchal Society Journal of Sustainable Tourism, 2025.
Байзакова А.С.
Going against the Herd: How to be a Vegan in a Patriarchal, Meat-Centric Society International Journal of Gastronomy and Food Science, 2025.
Мусина Ж.А.
Commitment of Adolescents and Youth to Ethnic Identity in a Contemporary Intercultural Society Humanities and Social Sciences Letters, 2025.
ККСОН журналдарындағы жарияланымдар
Кафедра оқытушылары Қазақстанның рецензияланатын ғылыми журналдарында зерттеу нәтижелерін жариялайды, олардың ішінде:
❖ Вестник Казахского университета экономики, финансов и международной торговли
❖ Eurasian Journal of Education & Business Studies
❖ Bulletin of the International University of Tourism and Hospitality
❖ Вестник Атырауского университета имени Халела Досмухамедова
❖ Известия Иссык-Кульского форума бухгалтеров и аудиторов стран Евразии
Жарияланымдардың тақырыптары туризмнің тұрақты дамуы, гастрономиялық туризм, экобрендинг, экономиканы цифрландыру және туристік саланы басқару мәселелерін қамтиды.
Кафедраның ғылыми басылымдары
Ғылыми-зерттеу қызметі аясында кафедра оқытушылары келесі оқу және ғылыми басылымдарды шығарды:
✓ «Зерттеулерді басқару»
✓ «Гастрономиялық туризм»
✓ «Өнер тарихы»
✓ «Туризм және қонақүй шаруашылығындағы қаржылық менеджмент»
✓ «Кейтерингті ұйымдастыру»
✓ «Дизайн, ғылым және техника тарихы»
✓ «Сурет салуды меңгеру: дәстүрлі әдістерге арналған толық нұсқаулық»
Сондай-ақ келесі пәндер бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындалды:
✓ «Қаптама дизайны»
✓ «Экскурсиялық жобалау»
✓ «Шрифт»
✓ «Тұрақты дамудың негіздері»
✓ «Туризмдегі менеджмент»
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы
Кафедра студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға үлкен көңіл бөледі. Білім алушылар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына (СҒЗЖ), ғылыми конференцияларға және республикалық олимпиадаларға белсенді қатысады.
2025–2026 оқу жылында кафедра студенттері Қазақстанның жетекші университеттері ұйымдастырған ғылыми іс-шараларға қатысты:
Шәкәрім атындағы университет (Семей қ.) — «Дизайн» білім беру бағдарламасының студенттері қатысып, алғыс хат алды.
Қазақ спорт және туризм академиясы (Алматы қ.) — «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» және «Туризм» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ.)
– ҒЗЖМ бойынша II дәрежелі диплом
– ҒЗЖД бойынша III дәрежелі диплом
Сонымен қатар кафедра студенттері келесі іс-шараларда табысты өнер көрсетті:
«Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша XVII республикалық пәндік олимпиада (Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА);
«Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша XVII республикалық пәндік олимпиада (Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті, Түркістан қ.);
«Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» бағыты бойынша XVII республикалық пәндік олимпиада (AlmaU, Алматы қ.), мұнда студенттер командасы 2 орын иеленді.



