Тәрбие жұмысы
«Ақпараттық технологиялар» кафедрасының тәрбие жұмысы мемлекеттік жастар саясатының негізгі стратегиялық бағыттарын іске асыруды көздейді.
Тәрбие жұмысының мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымды,бүгінгі қоғамның қажеттіліктері мен үміттеріне жауап беруші, студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етуші тәрбиенің гуманистік, жоғары адамгершілік ортасын құру болып табылады.
Міндеттері – жастардың бойына патриотизм сезімін қалыптастыру, адамгершілік және рухани дамыту, жасталанттардықолдау, студенттерді мәдени, ғылым және білім беру процестеріне тарту, олардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету және білім деңгейін арттыру.
«Ақпараттық технологиялар» кафедрасының тәрбие жұмысы келесі негіз қалаушы қағидалардан тұрады:
- тәрбие жұмысыныңғылымдылығы, жүйелілігі, үздіксіздігі мен реттрілігі;
- студент жастардыңқұқықтары мен бостандықтарынсақтау, жастар мәселелерін шешу жолында демократизм;
- оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, қоғамдық даму қажеттіліктері мен байланысы;
- жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және жасына қарамастан барлық студент жастарды түгелімен қамту;
- тәрбие жұмысының жеке, топтық түрлерінің үйлесімі;
- оқу-тәрбие процесінің тиімділігіне ықпал етуші қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат құру.
Кафедрада тәрбие жұмысымен күндізгі бөлімнің 16 академиялық тобы және кураторлық жұмыспен 6 оқытушы қамтылған: Абдибекова Л.М (ИС-18-2, УС ИС-18-1, ВТПО-18-1/2, УС ВТПО-18-1/2), Кенебаева Д.Б. (ИС-17-2, ВТПО-17-1), Мансуров К.Ж. (ИС-16-1, ВТПО-16-1), Бекенова Д.Б. (ВТПО-16-2, ИС-15-1, ВТПО-15-1), Торгаева Г.Ж. (ИС-15-2, ВТПО-15-2), сондай-ақ, сырттай оқу бөлімі мен қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқитын студенттерге кураторлық жұмысты аға оқытушы Токешева К.Н. орындайды
Кафедраның аға кураторы аға оқытушы, магистр Абдибекова Л.М.
«Ақпараттық технологиялар» кафедрасы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:
Өздігінен дағдыларды қалыптастыру мен шешімдерді құзыретті түрде қабылдау және жүзеге асыру;
Университеттің студент жастарының патриоттық санасын және белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру;
Жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерді және мінез-құлық нормаларын тәрбиелеу;
Білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, таңдаған мамандыққа құндылық қатынасын қалыптастыруға ықпал ететін факультет бейіні бойынша тақырыптық іс-шаралар өткізу;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар;
Салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру.
Кафедраның тәрбие жұмысы кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүргізіледі. Академиялық топтарда үнемі кураторлық сабақтар өткізіледі. Кураторлық сағаттардың тақырыптары нашақорлық, алкоголизм және темекі шегудің алдын алу мәселелерін, діни экстремизмнің алдын ала ескерту мәселелерін, құқықтық мәдениет пен кәсіби этиканы қалыптастыруды қамтиды.
Бірінші курс студенттері алғашқы кураторлық сағаттарда студенттердің құқықтары мен міндеттеріне, оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша нормативтік құжаттар мен және ішкі нормативтермен таныстырылады.
Студенттердің сабақтан тыс әрекеттерінің кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету үшін кураторлар студенттердің назарын келесі міндеттемелермен нығайту жұмысын жүргізеді:
- таңдаған мамандығына деген көңілін күшейту;
- білім алушыларға қажетті кәсіби қасиеттерді тәрбиелеу;
- білім алушылардың сабаққақатысуы мен үлгерімдерін бақылауды қамтамасыз ету;
- қызметін топтасқан студенттік ұжымда шығармашылық атмосфераның, қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыруға бағыттайды.
Кафедра студенттері университетіміздің қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысады. Студенттер қатарына қабылдау, денсаулық күні, мәдениет күндері, спартакиадалар сияқты т.б. түрлі мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларына қатысады.