ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАБЫЛДАУ
«Дизайн», «Орта және интерьер дизайны», «Сәндік өнер және этнодизайн» және «Режиссура» шығармашылық ББ-на түсу үшін
қабылдау комиссиясына мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтініш беру қажет.
«Дизайн», «Сәндік өнер және этнодизайн», «Орта және интерьер дизайны» және «Режиссура» шығармашылық білім беру бағдарламаларына қабылдау талапкердің өтініші және ҰБТ балдары негізінде жүзеге асырылады.
Бұған дейін тапсырылған ҰБТ нәтижелері келесі пәндер бойынша есепке алынады:
– Қазақстан тарихы (ҰБТ-дан кемінде 5 балл);
– Оқу сауаттылығы (ҰБТ-дан кемінде 5 балл).
Қосымша екі шығармашылық емтихан тапсыру қажет: дизайн үшін «Сурет» және «Сызу», «Эссе» және «Коллоквиум» режиссура үшін TAU университеті базасында
Әр шығармашылық емтихан бойынша ең жоғары балл: «Сурет» – 50 балл, «Сызу» – 50 балл, «Эссе» – 50 балл, «Коллоквиум» – 50 балл. Ең төменгі шекті балл – әр шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл.
Университетке түсу үшін шекті деңгей – 55 балл.
Шығармашылық емтихандар – 8 шілдеден 13 шілдеге дейін.
Кесте
B031 – Сән, дизайн және B023 - Арт-менеджмент, Режиссура білім беру бағдарламаларына түсуші талапкерлердің шығармашылық емтихандарының
(6В042100 «Дизайн», 6В02102 «Сәндік өнер және этнодизайн», 6В02104 «Орта және интерьер дизайны», 6В06103 «Режиссура» )
|
№ |
Емтиханды өткізу түрі |
Емтихан өтетін күні |
Емтихан өтетін уақыты |
Өткізу форматы |
Емтихан өтетін орны |
|
1 |
Сурет |
08.07.2026 |
09:00 |
офлайн |
B807 ауд. |
|
2 |
Сызу |
08.07.2026 |
14:00 |
офлайн |
B808 ауд. |
|
3 |
Эссе |
10.07.2026 |
09:00 |
офлайн |
B804 ауд. |
|
4 |
Коллоквиум |
10.07.2026 |
14:00 |
офлайн |
B802 ауд. |
Ескерту: 1) консультациялар 07.07.2026 ж. және 11.07.2026 ж. сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін B807 аудиториясында өткізіледі;
2) «Сурет» шығармашылық емтиханы бойынша апелляцияға өтініштер 09.07.2026 ж. және 13.07.2026 ж. сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін B804 аудиториясында қабылданады;
3) «Сызу» шығармашылық емтиханы бойынша апелляцияға өтініштер 09.07.2026 ж. және 12.07.2026 ж. сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін B802 аудиториясында қабылданады.
ЕГЕР ТАЛАПКЕР БҰҒАН ДЕЙІН ҰБТ ТАПСЫРМАҒАН БОЛСА
Егер ағымдағы жылдың 7 шілдесіне дейін құжат тапсыру сәтінде талапкерде ҰБТ болмаса немесе алдыңғы ҰБТ қорытындысы бойынша балл жеткіліксіз болса (Қазақстан тарихы немесе Оқу сауаттылығы бойынша 5 балдан төмен), онда мектеп түлегі 2026 жылдың 15–30 шілдесі аралығында app.testcenter.kz сайтында онлайн өтінім қалдырып, тамыз айындағы ҰБТ-ға қатыса алады. Бірақ алдымен ТАУ университетіне (7 шілдеге дейін) құжат тапсырып, «Сурет» және «Сызу» атты екі шығармашылық емтихан тапсыруы қажет.
БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ
«Дизайн», «Сәндік өнер және этнодизайн» 6В02104 «Орта және интерьер дизайны», 6В06103 «Режиссура» білім беру бағдарламаларына түсушілер білім беру грантын тағайындау конкурсына бір білім беру бағдарламалары тобы бойынша қатыса алады және шығармашылық емтихан тапсырған «Тұран-Астана» университетін өтініште көрсетеді.
13 шілде мен 20 шілде аралығында мемлекеттік грантқа Электрондық үкімет порталы немесе университеттің виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы өтінім беріп, білім беру бағдарламалары тобын көрсету қажет "B031 - Сән, дизайн" дизайн үшін және "B023 Арт-менеджмент және режиссура" режиссура үшін