Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы — студенттердің белгілі бір академиялық кезеңде (1 семестр немесе оқу жылы) шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу мақсатында оқуға баруы.
???? Артықшылықтары
- халықаралық тәжірибе алу
- тіл деңгейін жақсарту
- жеке тұлғалық даму және кәсіби өсу
- кросс-мәдени құзыреттерді меңгеру
???? Іріктеу критерийлері
- Шетел тілін жеткілікті деңгейде меңгеру
- Бакалавриат үшін — GPA кемінде 3.0
- Магистратура және докторантура үшін — GPA кемінде 3.0
???? Серіктес университеттер
- Rzeszow University of Technology (Польша, Жешув қ.)
- А.С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университеті (Ресей)
- Чанъан университеті (Қытай, Сиань қ.)
- Помор академиясы (Польша, Слупск қ.)
- Kadir Has University (Түркия, Стамбул қ.)
- Universidad San Pablo CEU (Испания)
- Сумы мемлекеттік университеті (Украина)
- Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті (Қытай)
- Санкт-Петербург ұлттық зерттеу университеті (Ресей)
- «1 желтоқсан 1918» университеті (Румыния, Альба-Юлия қ.)
- Varna Free University (Болгария)
⏳ Оқу мерзімі
- 1 семестр
- немесе 1 оқу жылы
???? Қажетті құжаттар
- Өтініш
- Ұсыным хаттар
- Жеке оқу жоспары
- Транскрипт (көшірме)
- Медициналық анықтама
- 18 жасқа толмағандар үшін ата-анасының (қамқоршысының) жазбаша келісімі
- Студент, жіберуші және қабылдаушы ЖОО арасында жасалған келісім