«TAU-EduBot»

Интеллектуалды агент TAU-EduBot

Жоба сипаттамасы

TAU-EduBot — бұл талапкерлерге, олардың ата-аналарына және қабылдау комиссиясының қызметкерлеріне жоғары оқу орнына түсу бойынша жедел әрі сенімді ақпарат беруге арналған интеллектуалды чат-бот. Жоба «Туран-Астана» университеті тарапынан қабылдау науқаны кезінде кеңес беру сапасын арттыру және қабылдау комиссиясына жүктемені азайту мақсатында әзірленді.


Негізгі функциялар

TAU-EduBot келесі қызметтерді ұсынады:

  • университетке қабылдау ережелері туралы ақпарат беру;

  • құжаттарды тапсыру тәртібі бойынша кеңес беру;

  • құжаттардың дұрыстығын автоматты түрде тексеру;

  • 24/7 режимінде ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі;

  • сұраныстарды өңдеп, қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін талдау жүргізу.


Қолдану платформалары

Чат-бот келесі платформаларда қолжетімді болады:

  • WhatsApp және Telegram мессенджерлері;

  • университеттің ресми сайты – tau-edu.kz арқылы Live-чат;

  • арнайы веб-интерфейс.

Толық іске қосылуы 2025 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.


Жұмыс істеу қағидаты

TAU-EduBot ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттары мен университеттің ішкі қабылдау ережелері негізінде жұмыс істейді. Бот қолданушының сұранысын талдап, жасанды интеллект көмегімен нақты әрі заманауи жауаптарды ұсынады.


Күтілетін нәтижелер

  • Қабылдау комиссиясына түсетін жүктемені 50–70%-ға дейін азайту;

  • Ақпаратқа тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  • Күту уақытын қысқарту;

  • Құжаттарды дұрыс толтыру деңгейін арттыру;

  • Сұраныстарды сараптау арқылы жұмыс тиімділігін жақсарту.


Интеграция және даму

Жоба аясында интеграция қарастырылған:

  • Университеттің LMS жүйесімен — онлайн өтінім беру үшін;

  • ҒЖБМ ақпараттық жүйелерімен — нормативтік ақпаратты автоматты түрде жаңарту үшін;

  • Университеттің өзге де цифрлық шешімдерімен — бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыру үшін.


TAU-EduBot — білім беру процесін цифрландырудағы маңызды қадам.