TAU – ExamAI Agent

Зияткерлік агент TAU – ExamAI Agent

Жобаның сипаттамасы

TAU – ExamAI Agent — «Туран-Астана» университеті әзірлеген, студенттердің емтихан жауаптарын автоматты түрде бағалайтын жасанды интеллект негізіндегі жүйе. Жобаның мақсаты – бағалау процесінің ашықтығын, объективтілігін және сенімділігін арттыру, сондай-ақ әкімшілік пен Сапаны бағалау орталығы (СБО) тарапынан бақылауды күшейту.


Негізгі міндеттер

  • Жасанды интеллект арқылы алдын ала белгіленген критерийлер бойынша студенттердің жауаптарын автоматты түрде бағалау;

  • Оқытушы қойған баға мен ИИ бағасының айырмасын салыстыру;

  • Ауытқулар мен бағалаудағы сәйкессіздіктерді анықтау;

  • Адам факторын азайту және бағалаудың дәлдігін арттыру;

  • Студенттер мен аккредиттеу органдары тарапынан сенімділікті нығайту.


Функционалдық мүмкіндіктер

  • Студент жауаптарын АИС Платонус жүйесінен алу;

  • Алдын ала берілген критерийлер бойынша ИИ арқылы автоматты бағалау;

  • Оқытушының бағасымен салыстырып, ауытқуларды тіркеу;

  • Әкімшілік пен СБО үшін веб-интерфейсте нәтижелер мен статистиканы көрсету;

  • Анықталған аномалиялар бойынша есептерді қалыптастыру.


Күтілетін нәтижелер мен KPI

  • Қайта тексерулер мен әкімшілік бақылау шығындарын 30–40%-ға дейін қысқарту;

  • Емтихан сапасын қамтамасыз етуге жұмсалатын бюджетті 10–15%-ға дейін үнемдеу;

  • ИИ мен оқытушы бағаларының ≥80% сәйкес келуі;

  • Аномалияларды анықтау және қолмен тексеру нәтижелері бойынша растау көрсеткіштері;

  • СБО және әкімшілік қызметкерлерінің қанағаттануы (ішкі сауалнама негізінде).


Қалай жұмыс істейді?

Жүйе студенттердің емтихан жауаптарын АИС Платонус жүйесінен алып, оларды автоматты түрде бағалайды және оқытушы бағаларымен салыстырады. Егер үлкен айырмашылық анықталса, бұл аномалия ретінде белгіленіп, бақылауға алынады. Барлық ақпарат әкімшілікке арналған веб-платформада көрсетіледі.


Қажетті деректер

  • Студенттердің жазбаша емтихан жауаптары;

  • Оқытушының бағалары;

  • Метадеректер: студенттің аты-жөні, пән атауы, емтихан күні, оқытушы, билет нөмірі.


Қосымша мәліметтер

  • Жоба тестілеу сатысында және АИС Платонус жүйесінің басқа модульдерімен кезең-кезеңімен біріктірілуі мүмкін;

  • ИИ-агент оқытушыны алмастырмайды, бағалау процесінің әділдігін арттыруға бағытталған көмекші құрал ретінде қызмет етеді.