Ұйым: «Туран-Астана университеті» мекемесі
Кейс атауы: «TAU-LibraryBot» ЖИ агенті
Жобаның сипаттамасы:
Бұл жоба студенттер мен оқытушыларға тәулік бойы қолдау көрсететін интеллектуалды чат-ботты құруды көздейді. Агент оқу әдебиеттері мен ғылыми мақалаларды іздеуге көмектесіп, оқу бағдарламаларына негізделген ұсыныстар береді.
Негізгі функциялар:
Ішкі кітапхана әдебиеттерін жүктеу және біріктіру
Қолданушы сұраныстарын өңдеу және чат тарихын сақтау
ЖИ арқылы іздеу және жауап генерациялау
Күтілетін нәтижелер мен тиімділік көрсеткіштері (KPI):
Жүйені тұрақты түрде 80–90% студенттер мен оқытушылар пайдаланады
Болашақта 3000-нан астам қолданушыны қамтып, академиялық құрамның 100%-на жету жоспарлануда
Платформалар:
Чат-бот келесі платформаларда қолжетімді болады:
WhatsApp және Telegram мессенджерлері
Кітапхана-ақпараттық орталығының ресми сайты: lib.tau-edu.kz
Ғылыми журнал сайты: zharshy.tau-edu.kz
Жобаның толық іске қосылуы 2025 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.
Қажетті мәліметтер:
Кітапхана-ақпараттық орталығының электрондық деректер базасы
Ғылыми мақалалар базасы
Қосымша түсініктемелер:
Жоба сәтті жүзеге асуы үшін жүйеге енгізілетін құжаттардың мазмұны, құрылымы және көрнекілігі стандарттарға сай болуы тиіс.