Іс-шараға қатысқыңыз келе ме?
Қатысушы формасын толтыруыңызды сұраймыз. Сіздің қатысуыңызды растау үшін, біз Сізге жақын арада хабарласамыз.
Өте қызық| Дата | 2026 ж. 15 мам. |
Осыдан 28 жыл бұрын 15 мамырда біздің "Түран-Астана" университетіміздің іргетасы қаланған болатын. Алдымен "Тұран" университетінің филиалы, кейін өз алдына заңи тұлға ретінде. Содан бері университет ұжымы бакалавриат, кейінірек магистратура, одан бері доктарантура бағдарламалары бойынша елімізге қажетті сапалы мамандар даярлау ісімен сәтті айналысып келеді. Университет жанында "Білімтану зерттеу орталығы", бірнеше зертхана жұмыс жасайды.
Жақын арада "Экономикалық зерттеу институтын" ашу көзделіп отыр. Университет көптеген отандық және шетелдік ғылым-білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнатып, әртүрлі заманауилық өзекті мәселелер бойынша халықаралық ғылыми форумдар өткізуді тұрақты дәстүріне айналдырды. Университет студенттері, магистранттары отандық және халықаралық аяда өткізіліп жатқан ғылыми олимпиадалар мен жарыстарға ұдайы қатысып, қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жеңімпаздар қатарын көбейтуде.
Бұл бағытта тіпті әлемдік деңгейде бірінші орын алған дарынды студенттеріміз де бар. Олармен біз шынайы мақтанамыз! Университет жастарының сапалы білім алуына, ел қамын ойлайтын белсенді азамат болуына қажетті барша қолайлы жағдайлар жасалынған.
Жаңа оқу ғимараттары, кітапхана мен оқу залдары, талапқа сәйкес жарақталған жатаққана, асхана мен буфеттер, әртүрлі спорт және сауықтыру залдары т.б. Жатаққана демекші, университет жанынан көпқабатты жаңа студенттік жатаққана салу құрылыс жұмысы басталып та кетті. Іске сәт демекпін! Осындай жасампаз игілікті де ізгілікті істерді университет ректоры профессор Гүлжамал Әлкенқызы Жапарованың білікті басшылығымен ойдағыдай атқарып жатқан барша университет ұжынын: оқытушы-ұстаздар қауымын (университетіміздің "алтын қоры"), әкімшілік-басқару, қосалқы-шаруашылық ұжымын, мыңдаған студенттер, магистранттар мен докторанттар қауымын, барлық университет серіктестері мен жанашырларын бүгінгі Университет Күнімен шын жүректен құттықтап, ұжымымыздың болашағы ылайым жарқын болғай деген бата-тілегімді жолдаймын!
АҚЖОЛ! Қабыл алғайсыздар.
Аса зор құрметпен,
«Тұран» білім беру корпорациясының вице-президенті, «Тұран-Астана» университетінің профессоры Алиев Орақ Жолмырзаұлы