Іс-шараға қатысқыңыз келе ме?
Қатысушы формасын толтыруыңызды сұраймыз. Сіздің қатысуыңызды растау үшін, біз Сізге жақын арада хабарласамыз.
Өте қызық| Дата | 2026 ж. 04 мам. |
| Санат | Оқиғалар |
2026 жылғы 4-5 мамыр аралығында «Тұран-Астана» университетінде «Маркетинг» және «Комплаенс-қызмет» білім беру бағдарламаларын алғашқы аккредиттеу процедурасын өткізу бойынша Сыртқы сарапшылар тобы (ССТ) жұмыс істеуде. Халықаралық және ұлттық сарапшылардың сапары білім беру қызметінің сапасына кешенді баға беруге, бағдарламалардың әлемдік стандарттарға сәйкестігін тексеруге және болашақ мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін растауға бағытталған.
Сарапшылар тобының жұмыс бағдарламасы көпдеңгейлі институционалдық және академиялық диалогты қамтиды. Сапар аясында университет басшылығымен, проректорлармен және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен брифингтер мен сұхбаттар өткізілуде, оның барысында бағдарламалардың стратегиялық дамуы мен сапаны басқару жүйесінің тиімділігі бағаланады. Кадрлық әлеуетке ерекше назар аударылады: деканлармен, кафедра меңгерушілерімен және оқу процесінің іске асырылуын тікелей қамтамасыз ететін профессор-оқытушылар құрамымен кездесулер жоспарланған.
Білім беру ортасын объективті бағалау үшін сарапшылар білім алушылармен сұхбат жүргізіп, олардың оқу жағдайларына қанағаттану деңгейін анықтайды. Сонымен қатар, университеттің материалдық-техникалық базасы мен цифрлық инфрақұрылымына егжей-тегжейлі талдау жасалады. Сыртқы сарапшылар тобы ғылыми-зертханалық қорды, оқу аудиторияларын, Кітапханалық-ақпараттық орталықты визуалды тексеруден өткізеді, сондай-ақ «Платонус» ақпараттық жүйесіндегі студенттерді академиялық сүйемелдеу процесіне мониторинг жүргізеді.
Аккредиттеудің маңызды кезеңі — университеттің экономиканың нақты секторымен өзара іс-қимылын тексеру. Осы орайда негізгі жұмыс берушілермен және жоғары оқу орнының стратегиялық серіктестерімен кездесулер, сондай-ақ студенттер өздерінің қолданбалы дағдыларын көрсететін тәжірибе және стажировка базаларына іріктеп бару көзделген. Қорытынды кезеңде оқу-әдістемелік құжаттама мен бағдарламалардың нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі терең зерделеніп, оның нәтижелері бойынша сыртқы аудиттің есебі жасалады.