Іс-шараға қатысқыңыз келе ме?
Қатысушы формасын толтыруыңызды сұраймыз. Сіздің қатысуыңызды растау үшін, біз Сізге жақын арада хабарласамыз.
Өте қызық| Дата | 2026 ж. 29 сәу. |
2026 жылғы 29 - 30 сәуірде «Тұран-Астана» университетінде айтулы ғылыми-білім беру іс-шарасы — XVI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Игі шара айбынды мерейтой - Халық Қаһарманы, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің 80 жылдығына арналады.
Стратегиялық мақсаты
Форум жасанды интеллект саласындағы әзірлемелерді коммерцияландырудың жүйелі тәсілдерін әзірлеуге және елдің ғылыми-технологиялық егемендігін нығайту үшін академиялық ортаның күш-жігерін біріктіруге бағытталған.
Негізгі қатысушылар
Конференция жұмысына келесі тұлғалар қатысады деп жоспарлануда:
Мәдиев Жаслан Хасенұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;
ҚХР, Малайзия, Германия және ТМД елдерінің сарапшылық және ғылыми қоғамдастық өкілдері;
Отандық жетекші ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары және технологиялық бизнес өкілдері.
Тақырыптық бағыттар. Пікірталастар мен баяндамалар цифрлық трансформацияның ең өзекті аспектілеріне негізделеді:
Құқықтық комплаенс: ЖИ-ді ұлттық және халықаралық деңгейде реттеу.
Технологиялық жаңғырту: Зияткерлік алгоритмдерді өнеркәсіпке енгізу.
Инновациялар экономикасы: ЖИ-шешімдерін монетизациялау стратегиялары және кәсіпкерлік экожүйені дамыту.