«Кітап оқитын ұлт»: «Тұран-Астана» Университетінде республикалық оқырмандар конференциясы өтті
«Тұран-Астана» университетінде «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында «Оқу – өркениет өзегі» атты университетаралық оқырмандар конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты – жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау, білім алушылардың ой-өрісін кеңейту және жоғары оқу орындары арасындағы рухани-мәдени байланысты нығайту.
Іс-шараға еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, оқыған шығармалары бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылардың ізденісі, шығарманы талдау шеберлігі, өзіндік көзқарасы, сөйлеу мәдениеті мен тақырыпты ашу деңгейі бағаланды.
Конференция жеңімпаздары
І орын
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Мұса Мөлдір. Ғылыми жетекшісі – PhD, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Салықжанова Ш.Б.
А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенті Ерлан Әлішер. Жетекшісі – институт кітапханашысы Бибизат Абдуганиева
ІІ орын
Maqsut Narikbayev University студенттері Мұрат Іңкәр және Ұлықпан Ақерке
А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері Совет Сымбат және Амангелді Аида. Ғылыми жетекшісі PhD Мөлдір Аманғазықызы
ІІІ орын
«Тұран-Астана» университетінің студенттері Салыбек Кенжегүл, ИбағатМеруерт.Жетекшісі – филология магистрі Муратова А.Н.
«Тұран-Астана» университетінің студенттері Жайық Анель, Жақыпбек Аяулым және Серікхан Томирис. Жетекшісі – ф.ғ.к. Колумбаева З.Е.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенттері Ұшқын Елжан және Қуансейт Жәдігер. Жеткшісі - PhD доктор Карбозова Бұлбұл Дәулетханқызы
Астана халықаралық университетінің студенті Кусаинова Дильназ. Жетекшісі – ф.ғ.к. Рахимбаева Г.Қ.
Қазақ Ұлтық Спорт Университеті студенті Наурызбаева Айсара.Жетекшісі – филология магистрі Абикенова Л.
Конференция жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және білім алушылар арасындағы шығармашылық байланысты дамытуға мүмкіндік берді. Қатысушылар көркем туындыны терең түсіну, өз ойын жүйелі жеткізу және пікір алмасу бағытындағы қабілеттерін көрсетті.
Іс-шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. «Оқу – өркениет өзегі» конференциясы кітаптың тұлғаның рухани және зияткерлік дамуына ықпал ететін маңызды құндылық екенін тағы бір мәрте айқындады.
Сонымен қатар Көкшетау, Петропавл, Орал, Павлодар, Семей, Шымкент, Қостанай, Қарағанды және Тараз қалаларындағы жоғары оқу орындарының студенттері бейнебаяндар мен мазмұнды баяндамалар жолдап, конференция жұмысына қашықтан қатысты.
Қашықтан қатысу форматының жеңімпаздары
І орын
- Торайғыров университеті университетінің студенті Нұрқұсыман Гүлина Кенжебекқызы Ғылыми жетекшісі – ф.ғ.к, профессор Қадырова Б.М.
- Ә. Бөкейхан университетінің студенттері Досхан Ақмарал және Бағали Ажар. Жетекшісі – ф.ғ.д Әбікенова Г.
ІІ орын
- Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері Хамитова Мадина және Амантаева Перизат
Ғылыми жетекшісі-аға оқытушы Шайхиев Т. Т.
2) М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенті Асылхан Арайлым
Ғылыми жетекшісі-аға оқытушы Казакбаева К. Р.
ІІІ орын
- Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері Жунусова Махаббат Бауржановна және Болат Диляра Ерланқызы. Ғылыми жетекшісі – ф.ғ.к. Ағалиева Н. Б.
- Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері Аманғалиева Әсем, Ғабілкәкәм Әділет
Ғылыми жетекшісі-аға оқытушы А. Ж. Әмен
- Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті Иманбаева Аяулым Сагандыковна
«Оқу – өркениет өзегі» атты университетаралық оқырмандар конференциясына қатысқан Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Торайғыров университеті,Шәкәрім университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті,Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті., М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті,Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті студенттеріне алғыс айтамыз.
Кафедра ғалымдары Б.Р.Есімсейітов, Х.К. Уразбаев, Г.Қ. Жүсіпова, Г.Т. Әбікенова және Б.Б. Шыныбеков сарапшы ретінде қатысып, студенттердің баяндамаларына ғылыми-әдістемелік тұрғыдан баға берді.
Республикалық конференция жоғары оқу орындары арасындағы рухани-зияткерлік ынтымақтастықты нығайтып, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды мәдени-ағартушылық алаңға айналды.