Тұран-Астана» университетінде Тоқтар Әубәкіров атындағы баскетбол кубогы өтті
«Тұран-Астана» университетінде қалалық жоғары оқу орындарының студенттері арасында Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров атындағы дәстүрлі баскетбол турнирі өтті.
Жарыс елордалық университеттердің ең мықты командаларының басын қосып, нағыз спорттық бәсекелестік пен студенттік бірлік атмосферасында өтті.
Турнир спорттық шеберлікті, командалық рухты және жеңіске деген ұмтылысты паш ететін алаңға айналды. Ойын барысында командалар тартысты баскетбол, жарқын шабуылдар мен әр доп үшін табанды күрес көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-орын - Maqsut Narikbayev University (MNU) командасы;
2-орын - Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ENU) командасы;
3-орын - Физикалық культура және бұқаралық спорт академиясы (APEMS) командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Турнир тек спорттық шара ғана емес, сонымен қатар әртүрлі университет студенттері арасындағы достық байланысты нығайтудың маңызды алаңы болды.
Ұйымдастырушылар қатысушылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, барлық командаларға қатысқаны үшін, ал жанкүйерлерге белсенді қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Мұндай жарыстарды өткізу студенттік спортты дамытуға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Тоқтар Әубәкіров атындағы кубок игі дәстүрге және елордалық студент жастардың спорттық өміріндегі маңызды оқиғаға айналды.