Ақ жол, TAU-2026 түлектері! Диплом табыстау салтанатты рәсімі
«Тұран-Астана» университетінде 2026 жылғы түлектерге диплом табыстаудың ресми рәсімі басталды.
Салтанатты іс-шаралар екі күнге созылды. Бұл маңызды белес түлектердің көпжылдық академиялық еңбегін қорытындылап, жас мамандарға кәсіби ортаның есігін айқара ашады және олардың мемлекет игілігі жолындағы қызметке кірісуін білдіреді.
Бірінші күні университет бітіргені туралы дипломдар жас заңгерлерге, психологтарға, тілдік коммуникациялар және аударма ісі саласындағы мамандарға табысталды.
Екінші күні салтанатты шара эстафетасын технологиялық және бизнес бағыттарының түлектері, сондай-ақ дизайн, қызмет көрсету (сервис) және туризм саласының өкілдері қабылдады.
Бұл салтанатты қуанышты түлектермен бөлісу үшін мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ университет оқытушылары мен профессорлары келді.
Игі дәстүр бойынша университет басшылары мен арнайы шақырылған қонақтар түлектерге құттықтау сөз сөйлеп, ақ жол тіледі.
Салтанатты рәсімді «Тұран-Астана» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлжамал Жапарова ашты. Ол өзінің алғысөзінде жас мамандардың дайындық деңгейінің жоғары екенін және олардың жаңа сын-қатерлерге дайындығын атап өтті. Сондай-ақ әрбір түлек бірегей зияткерлік капиталдың иесі екенін, сондықтан үздіксіз білім алып, кәсібилік пен парасаттылық құндылықтарына берік болудың маңыздылығына тоқталды.
Одан кейін жас мамандар алдында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, КСРО ұшқыш-ғарышкері, ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, «Тұран-Астана» университетінің профессоры Тохтар Әубәкіров сөз сөйледі. Тұңғыш қазақ ғарышкері түлектерді ауқымды стратегиялық ойлауға шақырып, олар үшін кез келген белесті бағындыруға жол ашық екенін, ал шынайы табысқа әрдайым темірдей тәртіп, ішкі төзімділік пен өз ісіне және Отанға деген шынайы сүйіспеншілік арқылы қол жеткізуге болатынын еске салды.
Түлектерге терең әрі жігерлендірерлік ақ батасын беру үшін мемлекет қайраткері, генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы, университет профессоры Абай Тасбулатов сөз сөйледі. Ол жас мамандарды өз ісіне адал болуға, көшбасшылық қасиеттерін тоқтаусыз дамытуға және егемен Қазақстанның серпінді дамуы мен нығаюы жолында табысты болашақты сенімді түрде құруға шақырды.
Технологиялық прогресс және ел болашағы тақырыбын «Бәйтерек» БК» АҚ Басқарма төрағасы, авиация генерал-майоры, Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов жалғастырды. Мәртебелі қонақ қазіргі жағдайда озық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтіп, құбылмалы әлем инновациялық тәсіл мен батыл шешімдерді талап ететінін баса айтты. Сондай-ақ, ол түлектерге уақыттан озып жұмыс істеуді және өз салаларындағы өзгерістердің көшбасшысы болуды тіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тұңғыш төрағасы әрі қоғам қайраткері Ғалым Байназаров қазіргі заманғы басқарушылардың азаматтық және кәсіби жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті. Ол елдің экономикалық және құқықтық тұрақтылығы өздеріне егемен мемлекеттің гүлденуінің сенімді негізі мен кепілі болу сындай маңызды міндет жүктелген білікті мамандарға байланысты екенін алға тартты.
Іс-шараның ресми бөлімінің соңында «Тұран» білім беру корпорациясының вице-президенті, «Тұран-Астана» университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Орақ Алиев түлектерге арнап сөз сөйледі. Ғалым ғылым мен тәжірибенің ажырамас байланысын еске сала отырып, дипломның мәре емес, жаңа бастама екенін баса айтты. Ол жас әріптестеріне өмірде әрдайым ізденімпаз болуды және терең талдау мен фактілерге негізделген шешімдер іздеуді тіледі.
Дәстүр бойынша рәсім аясында үздік үлгідегі (қызыл) дипломдар табысталып, мерекелік фотосессия ұйымдастырылды. Жоғары оқу орнының түлектері өз кезегінде басшылыққа, оқытушылар мен кураторларға көпжылдық еңбегі, педагогикалық шеберлігі, іргелі білімі және олардың кәсіби маман ретінде қалыптасуына жағдай жасағаны үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Салтанатты шараның айшықты аккорды ресми жиынға ерекше жылылық пен шынайылық ұялатқан мерекелік концерт болды. Зал іші қауырт құшақ толы гүлдерге, түлектердің бақытты күлкісіне және өз перзенттерінің жетістігіне мақтаныш пен қуаныш көз жасымен куә болған ата-аналардың тебіреністі жүздеріне толды. Бұл қайталанбас мерекелік атмосфера жылдар бойғы қажырлы академиялық еңбектің жарқын түйініне айналды.
«Тұран-Астана» университеті 2026 жылғы түлектер елдің жаңа зияткерлік авангардына айналып, Қазақстанның құқықтық, экономикалық және технологиялық әлеуетін нығайтуға елеулі тәжірибелік үлес қосатынына нық сенеді.
Ақ жол, TAU түлектері! Жаңа көкжиектерді бағындырып, кез келген қиындықты сенімді түрде еңсеріңіздер және әрдайым өз кәсіби таңдауларыңызға адал болыңыздар!