Экономиканы құқықтық зерттеу
Бакалавриат

Экономиканы құқықтық зерттеу
6B04204

  • Оқытылу тілдері

    Қазақша, орысша

  • Оқытылу мерзімі

    ОБ базасында - 4 жыл; АОБ (колледж) базасында – 3 жыл; жоғары білім базасында-2 жыл.

  • Академиялық дәрежесі

    "6В04201-Құқықтану" білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры

  • Бағдарламаға тоқталсақ

    "Экономиканы құқықтық реттеу" оқыту бағдарламасы бойынша мамандар даярлау үшін құқық пен экономиканың өзара әсер ету дәстүрлері қолдау тапты және экономикалық-құқықтық талдауға кең көзқарас жүзеге асырылды, оқытушылық және ғылыми қызметте сіңірген еңбегі танылған озық және тәжірибелі оқытушылар құрамы қалыптасты. Оқушылардың ғылыми қызметінің негізгі бағыты құқықтық кеңістік проекциясындағы экономикалық қатынастарды зерттеу, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін бөлу, тәжірибеде кәсіпкерлік және экономикалық қатынастарды реттейтін қағидалар мен нормаларды қолдану болып табылады.

     

    Жұмысқа орналасуы

    Түлектер сондай-ақ кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

    - әкімдіктердің мемлекеттік-құқықтық бөлімдерінде;

    - сот жүйесінде;

    - прокуратура органдарында;

    - ішкі істер органдарында;

    - кеден органдарында;

    - нотариалдық;

    - консультациялық;

    - адвокаттық қызметте және т.б.

     

     

    Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, жауапты, өз кәсібін еркін меңгерген және қызметтің аралас салаларында бағдарланған, мамандығы бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлыққа дайын жоғары білікті заңгерлерді даярлау. Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуді зерттеуге терең көңіл бөліненді.

     

     

Жалғастырсақ:

"Экономиканы құқықтық реттеу" білім беру бағдарламасының бакалавры кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

- нормашығармашылық қызмет;

- нормативтік-құқықтық актілерді дайындауға қатысу;

- құқық қолдану қызметі;

- лауазымдық міндеттер шегінде шешімдерді негіздеу және қабылдау, сондай-ақ құқықтық нормаларды іске асыруға байланысты іс-әрекеттер жасау;

- заңды құжаттарды жасау;

- құқық қорғау қызметі;

- Заңдылықты, құқықтық тәртіпті, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, анықтау, ашу және тергеу;

- жеке, мемлекеттік және өзге де меншік нысандарын қорғау;

- құқық және экономика саласындағы сараптамалық-консультациялық қызмет;

- құқық және экономика мәселелері бойынша кеңес беру;

- құжаттардың құқықтық және экономикалық сараптамасын жүзеге асыру;

- құқықтық және экономикалық пәндерді оқыту;

- ғылыми-зерттеу ұйымдарында кіші ғылыми қызметкер. 

 

 

 

Контакт - центр