«Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасы 2018 жылғы тамызда ұйымдастырылған. Кафедра ұжымы бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруға қажетті әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің (қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдері, Қазақстанның қазіргі тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану) оқытылуын қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасы 5В011700–«Қазақ тілі және әдебиеті», 6В02301 – «Аударма ісі», 6В02302 – «Филология» – бағыттары бойынша мамандар даярлайтын бейіндік кафедра болып табылады.
Кафедра меңгерушісі – филология ғылымдарының кандидаты, профессор Карипжанова Гульназ Токеновна
«Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер» кафедрасы келесі мамандықтар бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асырады:
Бакалавриат
5В011700- «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша түлектерге «білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
Мамандандырылған аккредиттеу: 5В011700 – «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы.
Тіркеу нөмірі: SA № 0020/2,
Куәлік берілген күн: 16.06. 2014 ж.
Куәліктің әрекет ету мерзімі: 12.06.2014–11.06. 2019.
Білім беру бағдарламасының міндеті: қоғам қажеттіліктері мен мемлекет мүдделеріне сәйкес бәсекеге қабілетті, жоғары кәсіптік сауаттылығы бар, сыни ойлай алатын білікті мамандарды даярлауға бағытталған білім беру.
«5В011700 – «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының кәсіби білім беру бағдарламасы университет миссиясы мен академиялық топтардың ерекшелігін және бағдарламаның әлеуетті тұтынушылары сұраныстарын басшылыққа алады.
Білім беру бағдарламасының мақсаты: білім беру мен тәрбиелеу процесін инновациялық технологиялар негізінде жүзеге асыра отыра, қазіргі заманның талаптарына сәйкес қазақ тілі және әдебиеті бағытында жоғары білікті, мәдени сана-сезімі терең кадрларды даярлау болып табылады.
Білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызметінің аясы:
- жалпыға білім беретін мектеп, лицей, гимназияларда білім беру (педагогикалық);
- ғылыми және тәжірибелік зерттеулер (зерттеу институттарында кіші ғылымиқызметкер);
- әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспаларда);
- ұйымдастырушылық және басқарушылық (өз мамандығымен тікелей айналысатын мекемелер, гимназиялар, лицейлер мен колледжерде);
- өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдар, түрлі кәсіпорындар, өндірістік объектілер және құжаттандыру бөлімдерінде);
- әдеби кеңесші;
5В020700-«Аударма ісі»
5В020700-«Аударма ісі» мамандығы бойынша түлектерге 5В020700-«Аударма ісі» мамандығы бойынша гуманитарлық білімдер бакалавры біліктілігі беріледі.
Мамандандырылған аккредиттеу: 11.05.2018-10.05.2025. Куәлік № АВ1636.
5В020700-«Аударма ісі» білім беру бағдарламасының мақсаты аударма саласындағы кадрларды даярлаудың жаңа жолдарын қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ қазіргі заманға сай еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзырлы, жауапты, кәсібін еркін меңгерген және өз қызметіне жақын салаларда жұмыс істей алатын, көп деңгейлі дайындықтан өткен аудармашыны даярлау. Түлек кәсіби шеберлігінің үздіксіз шыңдалуы мен кәсіби ұтқырлығына әрдайым көңіл бөліп, өз мамандығы бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде жұмыс істей алатын қабілетке ие болуы қажет.
Бұдан басқа, БСҚТА ұлттық рейтингісінің нәтижелері бойынша, «Аударма ісі» ББ 8-орынды иеленсе, АРТА ұлттық рейтингісі бойынша – 6-орында.
Білім беру бағдарламасының миссиясы – аударматану саласында біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін ең қолайлы жағдай жасау.
ББ түлектерінің қызмет саласы:
- аудармашылық (әртүрлі жанрдағы мәтіндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, келіссөздер, халықаралық кездесулер, конференциялардың ауызша аудармасы);
- ұйымдастырушылық (түрлі шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық ұйымдарды құру);
- өндірістік-басқарушылық (отандық, шетелдік және біріккен кәсіпорындар мен ұйымдардың бөлімшелерінде лауазымдық міндеттерді атқару немесе оларға жетекшілік жасау;
- ақпараттық-талдау (әлеуметтік-саяси талдауды жүзеге асыру, іскери хат-хабар, есептер, шолулар құрастыру мен оқиғаға болжам жасау, аудармаларды редакциялау);
- ғылыми-зерттеу (тәжірибелік материалдарды жинақтау және өңдеу, аударматану және мәдениетаралық коммуникациялардың мәселелері бойынша баяндамалар мен мақалаларды дайындау).
Магистратура
6М011700 -«Қазақ тілі және әдебиеті»
6М011700 – «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша түлектерге педагогикалық ғылым магистрі академиялық дәрежесі беріледі.
Мамандандырылған аккредиттеу: 6М011700 – «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша.
Тіркеу нөмірі: SA № 0020/2
Куәлік берілген күн: 16.06. 2014 ж.
Куәліктің әрекет ету мерзімі: 12.06. 2014-11.06. 2019.
Білім беру бағдарламасының мақсаты: қоғам қажеттіліктері мен мемлекет мүдделеріне сәйкес бәсекеге қабілетті, жоғары кәсіптік сауаттылығы бар, сыни ойлай алатын білікті мамандарды даярлауға бағытталған білім беру.
5В011700 – «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасының миссиясы – аударматану саласында біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін ең қолайлы жағдай жасау.
5В011700 – «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының түлектері өз мамандығына сәйкес келесі жұмыс түрлерін атқара алады:
- оқыту (педагогикалық) – жоғары оқу орындарында дәріс оқу;
- басқару және ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-зерттеушілік бағыт (ғылыми-зерттеу мекемелерінде қызметкер);
- әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелер, баспа);
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет (жоғары оқу орындары мамандарының тікелей қатысы бар мекемелерде);
- өнеркәсіптік-басқарушылық (қызметтің бірнеше түрі бар мемлекеттік органдарда, өнеркәсіптік органдарда іс-қағаз жүргізу).