Магистратура

Педагогика және психология
7M01102

«7М01102 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы заманауи психологиялық-педагогикалық білімге ие, ғылыми ойлауы дамыған және кәсіби құзыреттілігі жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
  • Оқытылу тілдері

    Қазақ, орыс

  • Оқытылу мерзімі

    Кәсіби бағыт – 1 жыл Ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл

  • Академиялық дәрежесі

    "7М01102 – Педагогика және психология" білім беру бағдарламасы магистратура түлегіне ғылыми-педагогикалық бағытта педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі.

  • Білім беру бағдарламасының миссиясы

    Бағдарламаның миссиясы – білім беру жүйесінде және қоғамда сұранысқа ие, жоғары кәсіби құзыреттілікке ие, ғылыми ойлау қабілеті дамыған, психологиялық-педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыра алатын білікті мамандарды даярлау. Бағдарлама білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын, кәсіби жауапкершілігін және тұлғалық дамуын қалыптастыруға бағытталған.

  • Бағдарламаға тоқталсақ

    Мансаптық мүмкіндіктер

    Бағдарлама түлектері келесі лауазымдарды иелене алады:
    – білім беру менеджері
    – білім беру саласындағы педагог-психолог
    – жоғары оқу орнының оқытушысы
    – түрлі білім беру мекемелеріндегі ғылыми қызметкер

     

    Бітірушінің кәсіби қызмет саласы

    – оқу орындарында оқыту және тәрбиелеу үдерістерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу
    – психологиялық диагностика, түзету және алдын алу жұмыстары
    – ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізу
    – жоғары оқу орнында педагогикалық (оқытушылық) қызмет
    – құқық қорғау, күштік құрылымдар және пенитенциарлық мекемелерде психологиялық-педагогикалық қолдау
    – ұйымдастырушылық-басқарушылық және сараптамалық қызмет

     

    Кәсіби қызмет түрлері

    "7М01102 – Педагогика және психология" білім беру бағдарламасы бойынша магистр келесі қызмет түрлерін орындай алады:
    – орта, арнаулы орта және жоғары білім беру ұйымдарында педагогикалық қызмет
    – ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет
    – ғылыми-зерттеу қызметі
    – түзету-алдын алу жұмыстары
    – басқарушылық қызмет
    – эксперименттік-диагностикалық қызмет
    – консультациялық қызмет

Жалғастырсақ:

 

Білім беру бағдарламасы (Паспорт) – 2 жыл Білім беру бағдарламасы (Паспорт) – 1 жыл Таңдау пәндерінің каталоги – 1 жыл Таңдау пәндерінің каталоги – 2 жыл ББ дамыту жоспары Магистрлік диссертацияны (жобаны) орындау талаптары мен ережелері Оқу жұмыс жоспары – 2 жыл Оқу жұмыс жоспары – 1 жыл