1969 жылғы 2 желтоқсанда Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Қойтас ауылында дүниеге келген.
Білімі:
2008 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітірген.
2011 жылы КУАМ университетін заң ғылымдарының магистрі дәрежесімен бітірген.
Соңғы 5 жыл ішінде 9 ғылыми мақала және 2 оқу-әдістемелік құрал жариялаған. Қазіргі уақытта Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі (РОӘК ОӘБ) аясында «Қаржылық есеп 2» оқулығы баспаға дайындалуда.