1977 жылғы 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында туған.
1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін үздік дипломмен бітірген.
2007 жылы 12.00.09 мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Өз бетінше билік етуді тергеу әдістемесі» тақырыбында диссертация қорғады.
2010 жылы 12.00.09 мамандығы бойынша заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Құқық қорғау органдары жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеудің теориясы мен практикасы» тақырыбында диссертация қорғады.
1999 жылғы қарашадан 2011 жылғы тамызға дейін Алматы қаласы Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының (1999–2005), Қазақстан Республикасы ІІМ Ғылыми-зерттеу институтының (2005–2010) және Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің (Штаб-басқарма, 2010–2011) тергеу және штаб бөлімшелерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2011–2012 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің криминалистика, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы кафедрасының профессоры болып жұмыс істеді.
2015–2017 жылдары Халықаралық бизнес университетінің (UIB) құқық мектебінің профессоры болып жұмыс істеді.
2016–2022 жылдары Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының қылмыстық-құқықтық пәндер және құқық қорғау қызметі кафедрасының профессоры болып жұмыс істеді.
2022–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының директоры болып жұмыс істеді.
2024 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының директоры болып жұмыс істеді.
Саяси партиялардың, түрлі ұйымдардың және ведомствоаралық мемлекеттік комиссиялардың сарапшысы:
– Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттіктің сарапшысы (IQAA, 2013–2017 жж.);
– Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасына ревизия жүргізу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының сарапшысы (ҚР Әділет министрінің бұйрығы бойынша, 2022–2023 жж.);
– Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының сарапшысы (ҚР Әділет министрінің бұйрығы бойынша, 2023–2025 жж.).
Мемлекеттік наградалары және алғыс хаттары: «Қазақстан Республикасы ІІМ-нің үздігі» төсбелгісі (ҚР ІІМ-нің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 460 бұйрығы); қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Алматы қаласы ІІБ басшылығының көптеген алғыс грамоталары мен көтермелеулері; өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі табыстары үшін Ы. Алтынсарин төсбелгісі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 2017 жылғы 8 қараша); Беларусь мемлекеттік университетінің судьяларды, прокуратура, сот және әділет мекемелерінің қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының (2022, 2023, 2024 жж.), В. М. Лебедев атындағы Ресей сот төрелігі академиясының (2024) және «Қадір қасиет» құқық қорғаушы қоғамдық бірлестігінің (2023) алғыс хаттары.
Ғылыми еңбектері және өнертабыстары: 170 ғылыми еңбектің авторы, олардың ішінде: 1. Оқулық «Қазақстан мен Ресейдің қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім» / жауапты редакторлар: Р. М. Абдрашев, С. В. Маликов, А. И. Чучаев. – Мәскеу: «Городец» баспа үйі, 2022 (Қазақстан Республикасының аудандық және облыстық соттарының қызметіне енгізілген); 2. Монография «Құқық қорғау органдары жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеудің теориялық және практикалық мәселелері». – Алматы, 2011 (құқық қорғау органдарының қызметіне енгізілген); 3. Монография «Құқық қорғау органдары жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеу». – Алматы, 2009 (құқық қорғау органдарының қызметіне енгізілген); 4. Оқу құралы «Өз бетінше билік етуге қарсы күресті криминалистикалық және қылмыстық-құқықтық қамтамасыз ету». – Алматы, 2014; 5. Оқу құралы «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеу». – Алматы, 2015; 6. Монография «Өз бетінше билік етуге қарсы күресті криминалистикалық және қылмыстық-құқықтық қамтамасыз ету». – Алматы, 2015; 7. Оқу құралы «Өз бетінше билік етуді тергеу». – Алматы: ҚР ІІМ Академиясы, 2007; 8. Оқу құралы «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі және сот сатыларында кінәсіздік презумпциясы қағидатын іске асыру». – Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2024 (Қазақстан Республикасының аудандық және облыстық соттарының қызметіне енгізілген).
Шет тілдерін меңгеруі: ағылшын тілі (Upper-Intermediate); заң пәндерін ағылшын тілінде оқытады: мемлекет және құқық теориясы, криминология.