заң ғылымдарының кандидаты, доцент
1975 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.
1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2002–2006 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде «Юриспруденция» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды.
2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
2014–2015 жылдары «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Германия Федеративтік Республикасының Киль қаласындағы Кристиан Альбрехт атындағы университетте (Шығыс Еуропа құқығы институты) ғылыми тағылымдамадан өтті.
Зерттеу тақырыбы: «Медиация және дауларды сотқа дейін реттеудің өзге де тәсілдері».
1997–2006 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетінің азаматтық құқық және процесс кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарды.
2006–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Әділет институтында азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі болды.
2015–2016 жылдары аталған институтта қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2016–2020 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Әділет академиясында әкімшілік құқық және процесс кафедрасының доценті болды.
2021 жылы Әділет академиясының академиялық бағдарламалар және жобалар орталығында қосымша білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі болып жұмыс істеді.
2022 жылдан бастап «Тұран-Астана» университетінің доценті.
Жарияланымдар:
- Қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы, 2002 ж.
- Әкімшілік құқық бұзушылықтардың өзекті мәселелерін зерттеу әдіснамасы. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы, 2003 ж.
- Адамгершілік және тәрбие: жетілдіру жолдары. «Мысль» журналы, №10, 2003 ж.
- Қоғамдық тәртіп пен адамгершілік: көзқарастар эволюциясының ретроспективасы. «Мысль» журналы, №11, 2003 ж.
- Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 2004 ж.
- Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жүйесі мен жіктелуі. Д.А. Қонаев атындағы университет хабаршысы, №1(10), 2004 ж.
- Ұсақ бұзақылық пен кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының құқықтық сипаттамасы. Д.А. Қонаев атындағы университет хабаршысы, №1(10), 2004 ж.
- Қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Оқу құралы. Алматы, 2008 ж.
- Жер заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері. ҚР Жоғарғы Сотының ғылыми-практикалық конференция материалдары. Талдықорған, 2009 ж.
- «Азаматтық құқық». Оқу құралы. Астана, 2010 ж.
- Әкімшілік іс жүргізудің түсінігі мен түрлері. «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» журналы, №4, 2011 ж.
- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық реттеу. «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» журналы, №4, 2011 ж.
- «Қазақстан мен Германиядағы медиация туралы заңнама — салыстырмалы талдау». Kiel Journal of East European Law, 2019 ж.
- «Заң білімін цифрландыру». «Заңгер» журналы, №4, 2019 ж.