АИПОВ БАУРЖАН БОЛАТҰЛЫ, "Тұран-Астана" университетінің "Бизнес-әкімшілік" кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі.
22.06.1987 жылы Қазақстан Республикасы, Ақмола облысында дүниеге келген.
2008 жылы Еуразия гуманитарлық институтын "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылы "Ғылыми-педагогикалық" бағыты бойынша "Экономика" мамандығы бойынша магистратураны бітірді. Еуразия гуманитарлық институты.
Университеттегі қызметі барысында алғыс хаттармен және бірқатар грамоталармен марапатталған, соның ішінде - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін, 2018 ж.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:
Мемлекеттік органдарда практикалық жұмыс тәжірибесі бар. Астана қ. Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы. Салық төлеушілермен, жеке кәсіпкерлермен жұмыс бөлімі, Салық төлеушілерді қабылдау, өңдеу және тіркеу орталығы 2008-2012 жж.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ: Кәсіпкерлік, Мемлекеттік және жергілікті басқару.
ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘНДЕР: Бизнес жүргізу тәжірибесі, Мемлекеттік басқару теориясы, Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесі.
ЖАРИЯЛАНЫМДАР
20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы. 1 оқу құралы.