Аймаганбетова Ая Сакеновна– «Бизнес әкімшілендіру» кафедрасының аға оқытушысы, «Туран-Астана» университетінің оқытушысы, қаржы магистрі.
1985 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Білімі:
2007 жылы Қарағанды қаласындағы Көпсалалы гуманитарлық-техникалық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша қызыл дипломмен тәмамдады, ҚР Президенті стипендиясының иегері.
2013 жылы Мәскеу қаласындағы Заманауи гуманитарлық академияның магистратурасын «Қаржы» мамандығы бойынша, «Банктер және банк ісі» мамандандыруымен аяқтады.
Жарияланымдары:
5 ғылыми мақаланың авторы. Соның ішінде соңғы жылдары жарық көргендері:
1. Application of artificial intelligence for simulating practical assessments, International Conference on Entrepreneurship and Innovation: navigating global challenges (24–25 March, 2025), Кампур, Үндістан, 2025 жыл.
2. Менеджер жұмысындағы нейрожелілер: технологиялық серпіліс және болашағы, «Тарихқа бастар бір қадам» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы, 87–89-беттер, 2023 жылғы 19 қараша, Астана. ISBN 978-601-08-3541-2.