Ерлан Сахипұлы Айтуаров
1950 жылы туған. Қазақ. Жоғары білімді.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Өнер академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Өнер академиясының вице-президенті.
Айтуаров Ерлан Сахипович – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Алматы көркемсурет училищесі мен Львов мемлекеттік сәндік-қолданбалы өнер институтын бітірген.
Монументалды өнер, кескіндеме және сәндік мүсін саласында жұмыс істейді.
Өңірлік, республикалық және халықаралық пленэрлерге қатысып, Алматы, Қарағанды, Астана қалаларында жеке және топтық көрмелер өткізді.
Оның жұмыстары беделді халықаралық, бүкілодақтық, шетелдік және республикалық көрмелерде қойылып, арнайы әдебиеттерде және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.
Жұмыстарының елеулі бөлігі Қазақстан, Ресей, Франция, Германия және Израиль музейлері мен жеке коллекцияларында сақтаулы.
Жемісті шығармашылық қызметімен қатар, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде оқытушылық қызмет атқарған.
Оқытатын пәндері:
Композиция 1, кескіндеме, сурет, арнайы сурет 1
Марапаттары мен атақтары:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
«Құрмет» ордені