Білімі:
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 1984–1989 жж., Биология.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 2009–2011 жж., Құқықтану.
Ғылыми дәрежесі:
Биология ғылымдарының кандидаты, доцент
Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі:
20 жыл
Оқытатын пәндері:
«Экология және тұрақты даму», «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері», «Дипломдық зерттеулер технологиясы»
Ғылыми қызығушылық саласы:
Экологиялық туризм
Біліктілікті арттыру туралы мәліметтер:
- Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институты – ҚР жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы (240 сағат), Алматы;
- Жаңа білім беру және аттестаттау технологияларында тестілік формаларды қолдану (72 сағат), Астана;
- Туризм және сервис саласындағы мамандарды даярлаудың инновациялық әдістері (72 сағат), Астана;
- Ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және ілгерілетудің инновациялық технологиялары (72 сағат), Астана;
- Туризм пәндерін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану (72 сағат), Астана;
- Көшбасшылық және менеджмент (72 сағат), Астана;
- Заманауи педагогикалық технология (72 сағат), Астана;
- Туризм саласындағы туроператорлық және турагенттік қызмет (72 сағат), Астана және т.б.
Ғылыми жетістіктері:
3 оқу құралы, 2 монография, 2 әдістемелік нұсқаулық, 3 авторлық куәлік әзірленген. 80-нен астам мақала жарияланған, оның ішінде 2 мақала Scopus деректер базасында.
- Жезқазған өнеркәсіптік аймағындағы ағаш және бұталы өсімдіктердің ыстыққа және құрғақшылыққа төзімділігі – Annals of Agri Bio Research, 2019.
- Calendula officinalis тұқымдарын криоконсервациялау – EurAsian Journal of BioSciences, 2020.
Сонымен қатар халықаралық және республикалық конференциялар жинақтары мен рейтингтік журналдарда:
- Қазақстандағы ішкі туризмді дамыту құралы ретінде туристік кластерлерді қалыптастыру – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы, 2016.
- Ұлытау және Қарқаралы таулары флорасының салыстырмалы сипаттамасы – халықаралық ғылыми конференция материалдары, Польша, 2017.
- «Солтүстік Қазақстан облысының көрікті жерлері» туристік маршруты – Қарағанды университетінің хабаршысы, 2017.
- Қарағанды облысы Бұқаржырау ауданының дәрілік өсімдіктерінің негізгі фенологиялық фазаларын зерттеу – Қарағанды университетінің хабаршысы, 2018.
- Әлеуметтік желілерді пайдалана отырып туристік фирманы ілгерілету – Путь науки, 2019.
- Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының «Аққу» экологиялық-туристік маршруты – Путь науки, 2019.
- Путь науки халықаралық ғылыми журналы, 2019.
- Қазақстан Республикасындағы шипажай-курорттық объектілердегі бәсекелестікті жоғарылатудағы даму стратегиясы – «Тұран-Астана» университетінің хабаршысы, 2019.
Марапаттары мен атақтары:
Білім сапасын арттыруға, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жетілдіруге, жаңа білім беру технологияларын тиімді пайдалануға қосқан үлкен жеке үлесі үшін құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған.
BILIM-ORKENIETI Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГЫ» төсбелгісімен марапатталған.