Аубакиров Токтар Онгарбаевич

Аубакиров Токтар Онгарбаевич
Техника ғылымдарының докторы, профессор

Білімі

Әуе қорғанысы ұшқыштарына арналған Армавир жоғары әскери авиациялық Қызыл Ту училищесі, мамандығы: командалық авиация, біліктілігі: ұшқыш-инженер, 1969 ж.

С. Орджоникидзе атындағы Мәскеу Ленин орденді авиациялық институты, мамандығы: аэрогидродинамика, біліктілігі: аэрогидромеханика инженері, 1979 ж.

Ғылыми дәрежесі

Техника ғылымдарының кандидаты, 1996 ж.

Техника ғылымдарының докторы, РФ ЖАК шешімі 23.07.1999 ж.

Ғылыми атағы

Профессор, 1997 ж., ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі.

Құрметті атақтары мен марапаттары

«Халық Қаһарманы» атағы (1995).

«Отан» ордені (1995).

Кеңес Одағының Батыры, КСРО-ның еңбек сіңірген сынақшы-ұшқышы (1990).

КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері (1991).

Қазан революциясы ордені (1991).

Кеңес Одағы ордені (1988).

Ленин ордені (1988).

«Құрмет Белгісі» ордені (1981).

«Ғарышты игерудегі еңбегі үшін» медалі (2011 жылғы 12 сәуір) — басқарылатын ғарыш саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін.

Австрия Республикасының «Алтын Крест» құрмет белгісі (екі рет: 1988, 1992).