Баяндин Әділғали Сәрсенұлы, 1966 жылы 14 желтоқсанда Ақтөбе облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Астана қаласында тұрады және жұмыс істейді. 1989 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік мәдениет комитетінің Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін көркемдік безендіру мамандығы бойынша бітірді. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік көркемсурет академиясын монументалды-сәндік кескіндеме мамандығы бойынша тәмамдады. ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Лондон қаласы Творчестволық Гильдиясының мүшесі, ҚР Көркемсурет академиясының академигі. Жұмыстары Қазақстан Республикасының мұражайларында, Германия, Франция, Корея, Түркия, АҚШ, Испания, Италияның жеке коллекцияларында және Балтық жағалауы елдерінің елшіліктерінде орналасқан.
Дипломдар, алғыс хаттар, марапаттар, медальдар:
«Мәдениет саласының үздігі» медалі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі (Астана қ., 2017 ж.)
«Жыл суретшісі» атағы (Астана қ., 2017 ж.)
«Құрмет» медалі, Астана қ. Суретшілер одағы (Астана қ., 2018 ж.)
«Тұран» халықаралық көрмесінің лауреаты, медаль (Алматы, 2020 ж.)
«Құрмет» ордені, Қазақстан Республикасының Президентінен (Нұр-Сұлтан қ., 2021 ж.)
І-орын дипломы, «Ақтөбе суретшілер көзімен» кескіндеме көрмесіне қатысқаны үшін Ақтөбе қ. әкімінен (Ақтөбе қ., 2004 ж.)
Алғыс хат, Қызылорда қ. әкімдігі мәдениет бөлімінің басшысынан, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» симпозиумына қатысқаны үшін (Қызылорда қ., 2011 ж.)
Диплом, «PLEINAIR AKTOBE» халықаралық кескіндеме фестиваліне қатысқаны үшін (Ақтөбе қ., 2011 ж.)
Диплом, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Астана күніне арналған симпозиумға қатысқаны үшін (Астана қ., 2011 ж.)
Диплом, Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған «Нұрын шашқан Оңтүстік» симпозиумына қатысқаны үшін (Шымкент қ., 2012 ж.)
«Алтын қайық» дипломы, кескіндеме номинациясы бойынша көрме-байқауға қатысқаны үшін (Ақтөбе қ., 2012 ж.)
Алғыс хат, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 155 жылдығына арналған пленэрге қатысқаны үшін (Павлодар қ., 2013 ж.)
Алғыс хат, «Астана-Стамбул» симпозиумына қатысқаны үшін (Стамбул қ., Түркия, 2015 ж.)
Сертификат, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Баянауыл-2015» пленэріне қатысқаны үшін (Павлодар қ., 2015 ж.)
ІІІ-орын дипломы, мұнай-газ тақырыбына арналған республикалық көркем туындылар байқауына қатысқаны үшін (Астана қ., 2015 ж.)
Алғыс хат, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған көрмеге қатысқаны үшін (Астана қ., 2015 ж.)
Алғыс хат, аутизммен ауыратын балаларға арналған шығармашылық шеберханалар ашуға қаражат жинау қайырымдылық кешіне қатысқаны үшін (Астана қ., 2016 ж.)
«Тұран» халықаралық көрмесінің лауреаты, медаль (Алматы, 2020 ж.) және т.б.
Қазақстан және басқа елдердегі көрмелерге қатысуы:
1992 ж. – Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайындағы «Жігер» көрмесі, Алматы қ.
1993 ж. – «Ана-Жер-Ана» халықаралық суретшілер симпозиумы, Таутүрген, Алматы қ.
1995 ж. – «Рух» галереясындағы дербес көрме, Алматы қ.
1998 ж. – Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі.
2003 ж. – Ресейдегі Қазақстан жылына арналған көрме, Орынбор қ., РФ.
2004 ж. – «Ақтөбе суретшілер көзімен» кескіндеме көрмесі, І-орын, Ақтөбе қ.
2005 ж. – Ұлы Отан соғысының 60 жылдығына арналған көрме, ІІ-орын, Ақтөбе қ.
2008 ж. – «Каспий толқыны» фестивалінің қатысушысы және дипломанты, Ақтау қ.
2008 ж. – «Күнделік» дербес көрмесі, Ақтөбе қ.
2009 ж. – Дизайнерлік әзірлемелері үшін мақтау қағазымен марапатталды.
2010 ж. – «Еуразия. Қазіргі заман бейнелері» арт-симпозиумының қатысушысы, Алматы қ.
2011 ж. – Қазақстан суретшілерінің республикалық симпозиумының қатысушысы, Астана қ.
2011 ж. – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» симпозиумының қатысушысы, Қызылорда қ.
2012 ж. – «Алтын қайық» көрме-байқауы, Гран-при – Кескіндеме номинациясы, Атырау қ.
2014 ж. – «Астана суретшілері» көрмесінің қатысушысы, Астана қ.
2014 ж. – Суретшілер симпозиумы, Астана қ.
2014 ж. – «Астана қаласының күндері» көрмесінің қатысушысы, Санкт-Петербург қ., РФ.
2014 ж. – «Қазақстан мұнайы» көрме-байқауы, ІІІ-орын, Астана қ.
2014 ж. – Ә. Қастеевтің 110 жылдығына арналған көрме, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы, Алматы қ.
2015 ж. – «Астана-Стамбул» пленэрі, Стамбул қ., Түркия.
2015 ж. – «Көшпенділер әлемі» халықаралық кескіндеме байқауы, Жанрлық сурет номинациясы, ІІ-орын, Италия.
2016 ж. – «Суретші бақыты — бостандық» дербес көрмесі, Астана қ.
2017 ж. – «Өнер және Тарих» дербес көрмесі, Астана қ.
2017 ж. – «Суретші көзімен» дербес көрмесі, Астана қ.
2017 ж. – Халықаралық суретшілер симпозиумына қатысу, Ақтау қ.
2018 ж. – «Мәңгілік ел» дербес көрмесі, Астана қ.
2019 ж. – Республикалық пленэр қатысушысы, Тараз қ.
2019 ж. – Республикалық пленэр қатысушысы, Баянауыл.
2019 ж. – Халықаралық суретшілер симпозиумы, Никосия, Кипр.
2019 ж. – Республикалық пленэр қатысушысы, Ақтөбе қ.
2019 ж. – Республикалық пленэр қатысушысы, Атырау қ.
2019 ж. – Франция, Англия және Бельгиядағы халықаралық көрмелер.
2019 ж. – «Декор орталығындағы» дербес көрме, Нұр-Сұлтан қ.
2020 ж. – Ішкі істер департаменті мұражайындағы дербес көрме, Нұр-Сұлтан қ.
2020 ж. – Қазіргі заман өнері мұражайындағы онлайн симпозиум, Ақтөбе қ.
2021 ж. (қаңтар) – «SSS» бизнес-орталығындағы топтық көрме, Нұр-Сұлтан қ.
2021 ж. (наурыз) – «Sal-Seri» галереясындағы топтық көрме, Нұр-Сұлтан қ.
2021 ж. (наурыз) – Жастар театрындағы топтық көрме, Нұр-Сұлтан қ.
2021 ж. (наурыз) – Бейбітшілік және келісім сарайындағы топтық көрме, Нұр-Сұлтан қ.
2021 ж. (мамыр) – «Түркістаным – Тұраным» симпозиумы, Түркістан қ.
2021 ж. (қазан) – «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы» симпозиумы, Атырау қ.
2021 ж. (қазан) – АҚШ Елшілігіндегі топтық көрме, Нұр-Сұлтан қ.
2021 ж. (қазан) – «Has Sanat» галереясындағы топтық көрме, Нұр-Сұлтан қ.
2021 ж. (қараша) – «Мың бояулы Маңғыстау» суретшілер симпозиумы, Ақтау қ.
2021 ж. (қараша) – «Locked Time» топтық көрмесі, Сеул, Оңтүстік Корея.
Кітаптарға иллюстрациялар авторы: «Көтібар алмас қылыш Ел тірегі», «Қобыланды», «Бүркіт белгілі Тайлақ батыр», ақын Б. Қарағызұлының «Kravat» кітабы…;
Мазар жобаларының авторы: «Көтібар батыр», «Беққұл әулие»;