Байбуза Сергей Григорьевич
Білімі және марапаттары
1986–1989 жж. – Целиноград көркемсурет училищесі, мамандығы: суретші.
1992–1998 жж. – Ақмола аграрлық университеті (Астана қ.), мамандығы: сәулетші.
1998–2003 жж. – жеке көрмелер ұйымдастырып, халықаралық конкурстарға қатысты. Сондай-ақ Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде өткен республикалық көрмеге қатысқан.
2003 жылдан бастап – Суретшілер одағының мүшесі, кескіндеме саласы бойынша атаулы сыйлықтың лауреаты.
2008–2010 жж. – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік плакат конкурсының лауреаты.
2012 ж. – Астана қаласында Француз Альянсы өткізген «Французша жаңа жылдық ертегі» көрме-байқауының лауреаты.
2014 ж. – Ханты-Мансийск қаласында өткен 2019 жылғы биатлон бойынша әлем чемпионатына арналған логотип әзірлеу конкурсында II орын иегері.
2015 ж. – Rotary Club of Astana ұйымдастырған су тақырыбындағы инсталляция номинациясы бойынша Гран-при иегері.
Еңбек тәжірибесі
1998–2000 жж. – Астана қ., «Восток-Инвест» ЖШС, сондай-ақ Мәскеу қ.
РАО ЕС кеңсесінің ішкі әрлеу жұмыстарын жобалау және жүзеге асыруға, жеке интерьерлерді жобалауға қатысқан.
2000–2003 жж. – Астана қ., «Арх-Идея» компаниясы. Мәскеулік әріптестермен ынтымақтастықты жалғастырып, сәулетші қызметін атқарған.
2003–2018 жж. – Астана қ., «Тұран-Астана» университеті, «Туризм және сервис» кафедрасының аға оқытушысы.
Сонымен қатар жеке жобалау жұмыстарымен айналысып, «Гротеск» дизайн-студиясының директоры болған.