Джомартов Талгат Амирханович

Аға оқытушы

Білімі:

1998 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Басқарудағы ақпараттық технологиялар маманы» біліктілігі бойынша тәмамдады.

Университетті аяқтағаннан кейін 1998–2001 жылдары Қызылорда қаласындағы №9 мектеп-гимназиясында информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

2001–2009 жылдары О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті қолданбалы математика кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді.

2010–2011 жылдары Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы Қазақмыс корпорациясы жүйесінде жұмыс істеді.

2011–2014 жылдары О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті физика, информатика және математика кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, 2011–2014 жылдары қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары және университеттің ВОУД (оқу жетістіктерін сырттай бағалау) бойынша жауапты қызметкері болды.

2014–2019 жылдары О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті жаратылыстану кафедрасының аға оқытушысы және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.

2019 жылдан 2022 жылдың тамызына дейін кадрларды қайта даярлау, маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі білім беру орталығының басшысы және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы болып қызмет атқарды.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап Тұран-Астана университеті «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы.

Біліктілікті арттыру:

ӨРЛЕУ Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы – «Заманауи педагогикалық технологиялар», Алматы қ., 2017 ж. – сертификат (240 сағат);

Sana Kazakhstan – General English, Business English, Content and Language Integrated Learning (CLIL), Алматы қ., 2018 ж. – ағылшын тілі деңгейі бойынша «PREINTERMEDIATE» сертификаты (260 сағат);

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығы – «Жоғары білім беру педагогтары мен менеджерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы», Алматы қ., 2019 ж. – сертификат (72 сағат);

ИНТУИТ Ұлттық ашық университеті (2022 ж.), Мәскеу қ. – «ЭЕМ архитектурасы және ұйымдастырылуы» (72 сағат);

ИНТУИТ Ұлттық ашық университеті (2022 ж.) – «Криптография негіздері» (72 сағат);

ИНТУИТ Ұлттық ашық университеті (2022 ж.) – «Алгоритмдеу. C++ бағдарламалау тіліне кіріспе» (72 сағат).