1986 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін "Құқықтану" мамандығы (тергеу-криминалистика мамандануы) бойынша бітірді, біліктілігі – заңгер.
1986-2001 жылдары Елеманов С.Х. Семей облысының ІІБ және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің түрлі басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.
2001 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының адъюнктурасын "12.00.08 – қылмыстық құқық, криминология және қылмыстық-атқару құқығы" мамандығы бойынша аяқтады.
2004 жылы "Кәмелетке толмағандардың және еңбекке жарамсыз ата-аналардың алименттік қамтамасыз етілуінен қасақана жалтарудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми жетекшісі – академик Нұртаев Р.Т.
ЖАРИЯЛАНЫМДАР
40-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен еңбекке жарамсыз ата-аналардың құқықтарын қорғауға арналған 7 оқу құралының (1999, 2000, 2005, 2011, 2019) авторы. Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы, отбасылық құқық және криминология мәселелері бойынша ғылыми мақалалары отандық және шетелдік басылымдарда жарияланған.
В 1986 году закончил Карагандинскую высшую школу МВД СССР по специальности: правоведение (специализация следственно-криминалистическая), квалификация юрист.
С 1986 по 2001 годы Елеманов С.Х. занимал различные руководящие должности в УВД Семипалатинской области и МВД Республики Казахстан.
Закончил адъюнктура Академии МВД Республики Казахстан, 2001 г., по специальности 12.00.08 - уголовное право, криминология и уголовно-исполнительное право.
В 2004 году защитил кандидатскую диссертацию на тему: «Уголовно-правовые и криминологические проблемы злостного уклонения от уплаты средств на содержание детей и нетрудоспособных родителей». Научный руководитель – академик Нуртаев Р.Т.