1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті физика факультетін «Физика» мамандығы бойынша тәмамдады, Алматы.
2007–2010 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аспирантурасында оқыды, Алматы қ.
1988–1990 жылдары Қостанай педагогикалық институты, Қостанай қаласында физика пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді.
1990–2014 жылдары Рудный индустриялық институты аға оқытушысы, физика кафедрасында қызмет атқарды; 2004–2006 жылдары «Физика және теориялық механика» кафедрасын, 2006–2010 жылдары «Физика және информатика» кафедрасын басқарды.
2014–2020 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді, Астана қ.
Ғылыми гранттарға қатысуы:
Жалпыланған сызықтық емес Шредингер теңдеулерін және олардың интегралданатын редукцияларын зерттеу, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Гравитациялық және күшті өзара әсерлесудің сызықтық емес теорияларының кейбір мәселелері және олардың космологиялық қолданылуы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 34 жыл (ЖОО).
Біліктілікті арттыру:
2006 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру институты, «Жылу физикасы» мамандығы, Алматы қ.
2012–2013 жж. – «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдама, С.И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университеті, Магнитогорск, Ресей.
2019 ж. – ӨРЛЕУ Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы «Жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы, Астана қ.
2022 ж. – Германия. Introduction to Systematic Review and Meta-Analysis course. European Academy of Science and Research. 2022 ж. – Belgian Education Council сертификаты.
Педагогикалық қызметі барысында 40-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбек жарияланды, оның ішінде 27 ғылыми мақала отандық және шетелдік журналдарда және халықаралық конференцияларда (ЖАК, РИНЦ, International Journal of Geometric Methods in Modern Physics).