|
Жеке мәліметтер Аты-жөні: Илиясов Ермек Ерғалұлы Ғылыми дәрежесі: Тарих ғылымдарының магистрі Лауазымы: Аға оқытушы Байланыс деректері: ???? +7 777 953 2260 ✉️ ermek.ilyasov.87@gmail.com Туған күні: 30.05.1987 Ұлты: қазақ Отбасылық жағдайы: үйленген |
Білімі:
- 2005–2009 жж. Бакалавриат, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, «Тарих» мамандығы
- 2009–2011 жж. Магистратура, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, «Тарих» мамандығы
Жұмыс тәжірибесі:
- 2011–2014 жж. – археограф, жоғары білікті маман, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және архивтер комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығының Деректану, әдістемелік зерттеулер және ғылыми жарияланымдар зертханасы.
-2014 ж. – Зертхана басшысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және архивтер комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығының Деректану, әдістемелік зерттеулер және ғылыми жарияланымдар зертханасы.
-2016–2019 жж. – жоғары білікті экскурсия жетекшісі, «Атамекен» Қазақстан картасы этно-мемориалдық кешені» МКҚК, Астана қаласы әкімдігі.
-2019–2021 жж. – тарих пәнінің оқытушысы, К. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КЕАҚ.
-2020–2021 жж. – ғылыми қызметкер, «К. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КЕАҚ, «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығы.
-2023 ж. – архивариус, «Технологиялық колледж» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігі.
-2024–2025 жж. – тарих пәні мұғалімі, «№70 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, Астана қаласы әкімдігі.
-2026 ж. – қазіргі уақытқа дейін тарих пәнінің аға оқытушысы, «Тұран-Астана» университеті.
Негізгі міндеттері:
Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді. Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бағытына қатысады.
Барлық оқу жұмысының түрлерін жүргізеді. Оқытатын пәндер бойынша оқу бағдарламаларын, оқу-тақырыптық жоспарларын әзірлейді. Оқитын пәндері немесе жекелеген оқу сабақтары, оқу жұмыстары бойынша әдістемелік қамтамасыз ету үшін еңбектер жинақтайды және әзірлейді.
Тыңдаушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Оқитын пәндері немесе жекелеген оқу бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына басшылық жасайды.
Біліктілікті арттыруды әдістемелік қамтамасыз етеді. Кафедраның, институттың ғылыми-әдістемелік жұмыстарына қатысады.
Сабақтарды, зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтарды өткізуде тыңдаушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды.
Кафедрадағы оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, әзірлемелерді, жұмыс бағдарламаларын және басқа да оқу-әдістемелік жұмыстардың түрлерін дайындауға қатысады.
Ғылыми және әдістемелік қызметі:
- 5 ғылыми жарияланымның авторы/бірлескен авторы.
- Республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың қатысушысы.
Дағдылары мен қабілеттері:
- Тарих, архив ісі, музейтану салалары бойынша терең білім;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеру;
- АКТ қолдана отырып, көпшілік алдында сөйлеу және оқыту дағдылары;
- Құжат айналымы және архив жұмыстарында тәжірибе;
- Компьютерді меңгеру: MS Office, ақпараттық жүйелер («UNIVER», Platonus), Zoom, Google Workspace;
- Тілдерді меңгеруі: қазақ, орыс B2, ағылшын A1.
Жетістіктері:
- Ғылыми мектеп олимпиадаларының жеңімпаздарын дайындау.
-Астана қаласының мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар мен грамоталар.