Философия ғылымдарының кандидаты, доцент
a.imankul@tau-edu.kz
Иманқұл Айжан Нұртасқызы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент.
1985 жылғы 22 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген.
2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бітіріп, маман дипломын алған.
2010 жылы 09.00.03 – философия тарихы мамандығы бойынша «Академик Әбділдиннің танымдағы теория бастамасын негіздеуі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
- 2008–2017 жылдар аралығында М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде (оқытушы, аға оқытушы, доцент) қызмет атқарды.
-2017–2022 жылдар аралығында «Қаржы академиясы» АҚ-да жұмыс істеді.
-2020 жылғы қыркүйек – 2021 жылғы тамыз аралығында «Қаржы академиясы» АҚ-да кафедра меңгерушісі болды.
-2021 жылғы қыркүйек – 2022 жылғы наурыз аралығында «Қаржы академиясы» АҚ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарды.
-2022 жылғы қыркүйектен бастап «Тұран-Астана» университетінің «Психология және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті.
Академиялық сәйкестік: халықаралық базалармен интеграция
• Scopus Author ID: ID – 8996-2025
• ORCID: https://orcid.org/0000-0001-5866-5329
Ғылыми қызығушылықтары / Research Interests
Онтология (бастау теориясы), философия тарихы, қазіргі заман батыс философиясы.
DOI: https://doi.org/10.36941/ajis-2023-0105
Perceptions of Life Success and Moral Qualities of a Modern Person of Generation Z: A Study of Economics and Humanities Students. - Academic Journal of Interdisciplinary Studies Vol. 12 No. 4 (2023): July 2023
Біліктілікті арттыру:
• «Қашықтықтан білім беру технологиялары» курсы, 14.04.2021 – 24.04.2021 жж., 72 сағат.
• «Философия және қазіргі заман: сын-қатерлер мен жауаптар» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы, 2025 жылғы 20–31 қаңтар, 72 сағат.
• «Scopus базасында мақаланы жариялау: журналды таңдау және дәйексөзді талдау», «Web of Science: ғылыми-зерттеу жұмыстарын жариялау бойынша нұсқаулық» Қысқы ғылыми-әдістемелік мектебі, 2025 жылғы 13–24 қаңтар, 72 сағат.
• «Ғылым мен білім берудегі жасанды интеллект», Еуразия ұлттық университеті, Үздіксіз білім беру институты, сертификат, 72 сағат.
• «Жоғары оқу орнындағы инклюзивті білім беру», Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығы, 13.01–21.01.2026 жж., сертификат, 72 сағат.
ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты басқармасы басшысынан Алғыс хатпен марапатталған.
ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарынан Алғыс хат алған.
2 оқу құралы, 1 ұжымдық монографиясы бар. 30-дан астам ғылыми мақалалардың авторы.