Искаков Бауржан Муратбекович

Искаков Бауржан Муратбекович
Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор
b.iskakov@tau-edu.kz

 

Исқақов Бауыржан Мұратбекұлы

Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
1982 жылы 1 қаңтарда Семей облысы Абай ауданы Көкбай ауылында дүниеге келген.
2003 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын «Экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2003–2004 жылдары Семей қаласындағы Қазақ қаржы-экономикалық институтында аға оқытушы қызметін атқарған.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында Қапшағай қаласында әскери қызмет өткерген.
2010 жылы экономика ғылымдарының докторы, профессор Төлыспаев Бауыржан Советұлының ғылыми жетекшілігімен 08.00.05 – «Халық шаруашылығын экономикасы және басқару» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.
2010–2012 жылдары «Тұран-Астана» университетінің «Экономикалық пәндер» кафедрасында доцент қызметін атқарған.
2013–2017 жылдары «Тұран-Астана» университетінің «Бизнес және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы болған.
2017–2018 жылдары «Тұран-Астана» университетінің Кәсіпкерлік және қосымша білім беру институтының директоры қызметін атқарған.
2018 жылдан бастап «Тұран-Астана» университетінің «Бизнес-әкімшілендіру» кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді.

Ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы
2019–2020 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасында Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталығын құру үшін мамандар даярлау жұмыстарына қатысқан.
2021 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы».
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері (2022 ж.).

Біліктілікті арттыру
Ресей Федерациясы, Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті (2018 ж.).
Ресей Федерациясы, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (2022 ж.).
Қытай Халық Республикасы, Чжэцзян қаржы және экономика университеті (2024 ж.).

Жарияланымдары
Жалпы жарияланым саны – 75-тен астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбек.
Олардың қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Польша, Ресей және Украинада жарияланған мақалалар бар.
Сонымен қатар SCOPUS базасында 3 ғылыми мақаласы, Web of Science базасында 1 мақаласы бар, Хирш индексі (Web of Science) – 1.

Оқу құралдарының авторы
«Қаржылық тәуекелдерді басқару». Нархоз университеті жанындағы РОӘК-тің «Қоғамдық ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтар тобы бойынша оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған. – Астана: «Мастер ПО», 2017.
«Инновациялық менеджмент». Оқу құралы. 1-том. – Алматы: «ТехноЭрудит», 2018.
«Инновациялық менеджмент». Оқу құралы. 2-том. – Алматы: «ТехноЭрудит», 2018.
«Корпоративтік басқару». – Нұр-Сұлтан: «Тұран-Астана» университетінің баспасы, 2020.
«Қаржы жүйесіндегі кәсіпкерлік». – Нұр-Сұлтан: «Тұран-Астана» университетінің баспасы, 2020.

Қосымша ақпарат
«Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ қаржы саласының сарапшысы.
Орталық Азия білім аккредитациясы қауымдастығының (CAAAT) халықаралық аккредитациялау сарапшысы (05.04.2024 – 04.04.2029 жж.).
Қазақстанның «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы академиясының тәуелсіз қазылар алқасының мүшесі.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекеннің» «Кәсіпкерлік негіздері» оқу құралының рецензенті.
«Бастау Бизнес» жобасы аясында ауылдық жерлердегі жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға кәсіпкерлік негіздерінен білім берген.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінің уақытша мүшесі.
Тұрақты сарапшы.