Гүлдана Нартайқызы Кажатова, Тұран-Астана университеті «Бизнес-администрирование» кафедрасының аға оқытушысы, менеджмент магистрі.
1984 жылы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы, Көкшетау облысында дүниеге келген.
2005 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті тәмамдады. Мамандығы: Тарих, құқық және экономика негіздері. Біліктілігі: тарих, құқық және экономика негіздерінің мұғалімі. (Диплом №0085846, 02.07.2005 ж.)
2009 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті магистратурасын тәмамдады. Мамандығы: 6N0507 – Менеджмент. Біліктілігі: менеджмент магистрі. (Диплом № ҒПЖ 0007400, 03.03.2010 ж.)
Жарияланымдары:
20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы, соның ішінде (2018–2022 жж.):
– АӨК кәсіпорындарындағы шаруашылық тәуекелдерін талдау және басқару
С. Сәдуақасов атындағы АЭИ-ның 40 жылдық мерейтойына арналған «Агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту және ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 2019 ж.
– Агроөнеркәсіп кешендерінің экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері
ХҒПК «Валиханов оқулары-23», 5-том, 2019 ж.
– “Ways to Enhance Students' Learning Activities in the Context of Higher Education”
Journal of Intellectual Disability – Diagnosis and Treatment, 2020, 8-том, №4 (Scopus базасында)
– Ұлттық экономиканы арттыруда шетел инвестициясының рөлі
ХҒПК «Валиханов оқулары-25», 4-том, 2021 ж.
– Бизнесті әртараптандыру – экономикалық жағдайдағы дағдарысты еңсерудің ерекше жолы
«Қазіргі әлемдегі өзекті ғылыми зерттеулер», 6(26) шығарылым, 5-бөлім, 2019 ж., 62–66 бб.
– Биотехнология саласында ақпараттық технологияларды қолданудың қажеттілігі
Сейфуллин оқулары – 18(2), Астана, 2022.