Зият Қарібайұлы Қожахметов, Тұран-Астана университеті «Экономика және инновациялық бизнес» кафедрасының экономика ғылымдарының кандидаты, доценті.
Байланыс мәліметтері:
Тел.: +7 707 297 8193
Email: ziko10_58@mail.ru
1958 жылы 9 сәуірде Жамбыл облысы, Шу ауданы, Берлікүстем ауылында дүниеге келген.
1975–1978 жылдары В.П. Чкалов атындағы орта мектепте еңбек және дене шынықтыру пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1978–1983 жылдары философия-экономика факультетінің «Саяси экономия» мамандығы бойынша білім алды.
1988–1991 жылдары Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Мәскеу қаржы академиясында 08.00.01 – «Саяси экономия» мамандығы бойынша аспирант болды.
2006–2009 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 25.00.36 – «Геоэкология» мамандығы бойынша докторант болды.
Жалпы еңбек өтілі – 46 жыл; ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 38 жыл.
Еңбек жолы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (1983–2011), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2011–2016; 2017–2021) және Тұран-Астана университеті (2016–2017) университеттерінде өтті.
Жоғары оқу орындарындағы қызметі барысында алғыс хаттармен, грамоталармен, ақшалай сыйлықтармен және «Л.Н. Гумилев медалімен» марапатталған.
Жарияланымдары:
70-тен астам ғылыми мақалалардың авторы. Негізгі зерттеу бағыттары:
– Шағын кәсіпкерлік теориясы және дамуы
– Заманауи кәсіпкерлік теориясы (Й. Шумпетер, П. Друкер еңбектері негізінде)
– Инновациялық-индустриялық даму жағдайындағы экономикалық білім беру бағдарламалары
– Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі
– Әлемдік ғарыш нарығының даму үрдістері
– Қазақстандағы ислам банкингінің даму перспективалары
– Халық табыстарының жіктелуі және тұтыну
– Көлік жүйелері және олардың тұрақтылығы
– Салық саясаты, банктік менеджмент және мемлекеттік қаржы
– Инновациялар және ШОБ дамыту мәселелері
Сонымен қатар монографиялардың, халықаралық ғылыми журналдардағы және Scopus базасындағы жарияланымдардың тең авторы.