Нурушева Ботагоз Сериковна

Нурушева Ботагоз Сериковна
Заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, прокуратура органдарының отставкадағы әділет кеңесшісі (подполковник).

1977 жылғы 11 наурызда туған.

1999 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасын бітіріп, заң ғылымдарының магистрі дәрежесі берілген.

1999–2024 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарының прокуратура органдарында қызмет атқарған.

2021–2022 жылдар аралығында қоса атқару тәртібімен «Тұран-Астана» университетінің «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеген.

2024–2025 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде қызмет атқарып, еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлікке шыққан.

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 25 жылдан асады.

Қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау саласында жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде Қарағанды өңіріндегі бірқатар резонансты істер бойынша мемлекеттік айыптауды қолдаған.

«Прокуратура үздігі» ведомстволық медалімен және прокуратура органдарының мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар.