Злиха Магауянқызы Сәкенова, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.
1947 жылы 2 наурызда Ақтөбе облысы Марқакөл ауданында дүниеге келген.
1969 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша тәмамдады.
1986 жылы Мәскеу Халықтар Достығы орденді Центросоюз кооперативтік институтын экономика, ұйымдастыру және жоспарлау пәндерін оқыту мамандығы бойынша аяқтады.
2005 жылы 08.00.12 – «Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
Еңбек өтілі:
- Семей былғары-мех бірлестігі – инженер-экономист (наурыз 1970 – мамыр 1978)
- Семей аң терісі техникумы – біліктілікті арттыру курстарының меңгерушісі, оқытушы (маусым 1978 – қаңтар 1993)
- «Қазақстанаудит» Семей филиалы – бас маман-сарапшы (қаңтар 1993 – мамыр 1995)
- Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті – «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісінің орынбасары (мамыр 1995 – тамыз 2000)
- Алматы технология және бизнес университеті – «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісінің орынбасары, Әдістемелік кеңес мүшесі (қыркүйек 2000 – тамыз 2005)
- Қайнар университеті – «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі (қыркүйек 2005 – қыркүйек 2007)
- «Алатау» Қазақстан университеті – ғалым хатшы, «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі (қыркүйек 2007 – қаңтар 2013)
- Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті – «Есеп және аудит» кафедрасының доценті (қаңтар 2013 – қаңтар 2017)
- Технология және бизнес университеті – «Есеп және қаржы» кафедрасы (ақпан 2017 – қыркүйек 2017)
- Тұран-Астана университеті – «Бизнес-администрирование» кафедрасының доценті (2017 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін)
Арнайы лицензиялар:
- Аудитордың біліктілік куәлігі №216 (18.12.1995)
- Аудиторлық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия №178 (11.06.2000)
- Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасының мүшесі
- Кәсіби бухгалтер сертификаты / ҚР Қаржы министрлігі (10.11.2010)
Дағдылары:
Тілдері: қазақ тілі (еркін), орыс тілі (еркін), неміс тілі (сөздікпен).
Компьютер: операциялық жүйелер мен кеңсе бағдарламаларын пайдаланушы.
Марапаттары:
Аудиторлық қызметтің 20 жылдығына арналған естелік медаль – ҚР Аудиторлар палатасы (шілде 2013)
ҚР Аудиторлар палатасының Құрмет грамотасы (шілде 2013)
Халықаралық ғылыми-теориялық және практикалық конференцияға қатысқаны үшін II дәрежелі диплом, Қырғызстан, Шолпан-Ата (шілде 2014)
Оқытатын пәндері:
- Экономика салаларындағы аудит
- Экономика саласындағы аудит
- Салықтық есеп және аудит
- Ішкі аудит: заманауи тәсілдер мен әдістеме
- Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары және аудит
- Қаржылық есептіліктің және аудиттің халықаралық стандарттары
- Шағын және орта бизнестің есебі мен есептілігі