Жеке Мәліметтер
Аты-жөні: Сатенова Галия Умирсериковна
Ғылыми дәрежесі: Психология магистрі
Лауазымы: Аға оқытушы
Байланыс ақпараты:
+77017568746
g.satenova@tau-edu.kz
Туған күні: 7.04.1983
Ұлты: қазақ
Білімі:
2000–2004 жж. — Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Философия және психология факультеті, мамандығы: «Психология».
2004–2006 жж. — Магистратура. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Философия және психология факультеті, мамандығы: «Психология».
Жұмыс тәжірибесі:
2026 ж. – қазіргі уақытқа дейін — «Тұран-Астана» университеті, Психология және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.
2019–2025 жж. — Астана қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, педагог-психолог.
2016–2019 жж. — «Жер Ана 2007» ЖШС, директордың орынбасары.
2012–2016 жж. — Қарағанды облыстық Мемлекеттік қызметкерлерді оқытудың өңірлік орталығы, аға оқытушы.
2004–2016 жж. — Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Психология кафедрасының аға оқытушысы.
2007–2010 жж. — Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Психологиялық қызмет психологы.
Негізгі міндеттер:
• Заманауи білім беру технологиялары мен интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып, психологиялық бағыттағы пәндер бойынша дәрістік және семинарлық сабақтар жүргізу.
• Оқу-методикалық кешендерді (силлабустар, ПӘОК, кейстер, коллоквиумдар, бақылау және тест тапсырмаларын) әзірлеу, жаңарту және енгізу.
• Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және бағыттау, оларды конференцияларға, олимпиадалар мен конкурстарға дайындау.
• Авторлық тренингтер, шеберлік сыныптары мен практикаға бағытталған сабақтарды әзірлеу және өткізу.
• Психология саласындағы жетекші маман-практиктер мен сарапшыларды тарта отырып, қонақ дәрістерін ұйымдастыру және өткізу.
Бiліктер мен дағдылар:
• Авторлық тренингтер, оқыту бағдарламалары мен вебинарлар әзірлеу.
• Әртүрлі модальдылықтағы психотерапиялық құралдарды меңгеру (ДПДГ/EMDR, эмоционалды-образды терапия, арт-терапия, денеге бағытталған терапия және т.б.).
• Проективті методикаларды қолдану (метафоралық ассоциативті карталар (МАК), проективті тесттер, ертегі терапиясы).
• Жеке, отбасылық және топтық психологиялық кеңес беру.
Біліктілікті арттыру:
09.06.2026–12.06.2026 — «Ауыр созылмалы аурулармен психотерапиялық және психологиялық жұмыс: онкопсихология және психоонкология» семинар-тренингі (Мәскеу психоанализ институты).
17.10.2025–20.10.2025 — Көз қозғалысы арқылы десенсибилизациялау және қайта өңдеу (EMDR) бойынша тренинг, 2-бөлім, сертификат (Казахстан EMDR қауымдастығы).
08.08.2025–11.08.2025 — Көз қозғалысы арқылы десенсибилизациялау және қайта өңдеу (EMDR) бойынша тренинг, 1-бөлім, сертификат (Казахстан EMDR қауымдастығы).
2025 — «Мектеп қауіпсіздік орны» онлайн-семинары, сертификат (LOCIKA орталығы).
08.10.2024–20.10.2024 — «Дарындылық педагогикасы: әлемдік сарапшылардың моделі мен практикасы» курсы, сертификат (International Center of Education and Technologies).
14.10.2024–17.10.2024 — «12–18 жастағы жасөспірімдермен жұмыс істейтін мамандарға арналған қарым-қатынас мәселелері мен жыныстық тәрбие негіздері» семинар-тренингі, сертификат («Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ).
28.09.2024 — «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» семинары, сертификат («Инновациялық психология және менеджмент академиясы» ЖШС).
2024 — «Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» семинар-тренингі («Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ).
29.10.2024–01.11.2024 — «Берік отбасы» семинар-тренингі («Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ).
29.10.2024–01.11.2024 — «Денеге бағытталған терапия» оқыту бағдарламасы (360 сағат), сертификат (ҚР Психологтар қауымдастығы).