Шоимбаева Сатгуль Айткалиевна

Шоимбаева Сатгуль Айткалиевна
Экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Сатгүл Айтқалиқызы Шоимбаева, Тұран-Астана университеті «Бизнес-администрирование» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі.

1969 жылы 14 мамырда Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданында дүниеге келген.

1995 жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институты экономика факультетін «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша тәмамдады. Біліктілігі: бухгалтерлік есеп бойынша экономист. (Диплом № ЖБ-II №0005165)

Академиялық тәжірибесі:

2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Тұран-Астана университеті «Бизнес-администрирование» кафедрасының аға оқытушысы

2015–2022 жж. – Қаржы академиясы «Қаржы және кеден ісі» кафедрасының аға оқытушысы

2009–2015 жж. – Қазақ гуманитарлық-заң университеті «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы

2005–2009 жж. – Қазақ қаржы және халықаралық сауда университеті «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы

1995–2005 жж. – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті аға оқытушысы

Оқытатын пәндері:

Ақша, несие және банктер; Қаржы; Шетел мемлекеттерінің қаржысы; Қаржылық менеджмент; Қаржылық мониторинг; Қаржылық контроллинг; Салықтар және салық салу; Мемлекеттік бюджет.

Жарияланымдары:

50-ден астам ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде:

– Салық салу (Астана, 2014)

– Кеден ісінің тарихы (Астана, 2016)

– Бюджеттік менеджмент: оқу құралы (Нұр-Сұлтан, 2020)

– ЕАЭО-ға қатысушы елдердің қаржы жүйелері: бағалау және мәселелері (2023)

– Қаржы саласында цифрлық экономиканы дамытудың негізгі трендтері

– Қазақстан Республикасындағы жалпыға бірдей декларациялау

– Білім беру саласының жаһандануы

– Қазақстанның қаржы технологиялары саласындағы жасанды интеллекттің даму бағыттары

– Мемлекеттік мекемелердегі қаржылық есептілікті бұрмалауға байланысты алаяқтықты анықтау

– Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын талдау

– Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының ерекшеліктері

– Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау саясаты

Біліктілікті арттыру және семинарлар:

Қаржы, салық салу, білім беру, цифрлық технологиялар және жоғары оқу орнындағы оқыту әдістемесі бойынша көптеген біліктілікті арттыру курстары мен халықаралық семинарлардан өткен, соның ішінде:

– Кәсіби кадрларды даярлаудағы құзыреттілік тәсіл (2016)

– Қаржы бағдарламасы (2016)

– Еуразиялық аймақтағы ынтымақтастықтың басымдықтары (2016)

– Экономика және бизнестегі статистикалық талдау (72 сағат)

– Қаржылық менеджмент (72 сағат)

– Салық заңнамасындағы жаңалықтар (72 сағат)

– Мемлекеттік қаржы (2020)

– Цифрлық технологияларды қолдана отырып ЖОО-да оқыту әдістері

– Салықтық есеп және есептілік (2024)

– Цифрлық және инновациялық технологияларды қолдана отырып есеп және қаржы пәндерін оқыту әдістемесінің ерекшеліктері (2024)