ТӨЛЕГЕНОВ ӘБУСАҚЫТ ЗҰЛҚАРНАЙҰЛЫ

ТӨЛЕГЕНОВ ӘБУСАҚЫТ ЗҰЛҚАРНАЙҰЛЫ

ТӨЛЕГЕНОВ ӘБУСАҚЫТ ЗҰЛҚАРНАЙҰЛЫ

, құқық ғылымдарының кандидаты, доцент

 

1966 жылғы 1 қаңтарда Торғай облысы (қазіргі Қостанай облысы) Арқалық ауданы Шиелі ауылында дүниеге келген.

 

1991 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын «Ауыл шаруашылығы ғылымы» мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

2010 жылы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Сауле Көшкенқызы Сағындықованың ғылыми жетекшілігімен «Мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін орган ретінде шекара қызметі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (12.00.02 – Конституциялық құқық, әкімшілік құқық мамандығы бойынша).

 

Еңбек жолы:

1991–1994 жылдары агроном, бригадир және ауылшаруашылық кәсіпорнының директор орынбасары болып жұмыс істеді.

1994–2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2012–2013 және 2019–2021 жылдары ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының Оперативтік-тактикалық факультетінің деканы қызметін атқарды.

 

Әскери қызметтен зейнетке шыққаннан кейін:

2021–2022 жылдары жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры,

2022–2023 жылдары ҚР ҰҚК Шекара қызметі ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің «Застава тарландары» басқарма мүшесі болды.

 

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Туран-Астана» университетінің Заң және гуманитарлық жоғары мектебінің Ұлттық және халықаралық құқық кафедрасында доцент қызметін атқаруда.

 

Марапаттары:

• «Шекараны қорғауда үздік қызметі үшін» медалі және ҚР ҰҚК басшылығының алғыс хаттары;

• «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдары.

 

Ғылыми қызметі және біліктілікті арттыру:

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектері бар.

Біліктілікті арттыру: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (2005).

 

Шекара қызметіндегі қызмет барысында алған сертификаттары бар, сонымен қатар:

• «Азаматтық құқық пәндерін оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында біліктілікті арттыру сертификаты, ТМД елдерінде білім беруді қолдау халықаралық қоры, Астана, 2024 жылғы 29 шілде – 9 тамыз.

• «Қылмыстық құқық пәндерін оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында біліктілікті арттыру сертификаты, ТМД елдерінде білім беруді қолдау халықаралық қоры, Астана, 2024 жылғы 12–23 тамыз.

 

Байланыс орталығы