Турсун Маржан Мұхитқызы
Білімі
2019–2023 жж. – Астана қаласындағы Қ. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, «Киім дизайны» мамандығы (бакалавриат).
2023–2025 жж. – Алматы қаласындағы Қ.Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Сән және киім дизайны» мамандығы (магистратура).
Еңбек қызметі
2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Тұран-Астана» университеті, «Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының оқытушысы.
Ғылыми жарияланымдар
- Сеитова Н.Ж., Турсун М.М. Қазақстандық дизайнерлердің цифрлық технологияларға бейімделудегі алғашқы қадамдары // «Қоғам, экономика және білім саласындағы өзекті және перспективалы ғылыми зерттеулер» атты XIX Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – 758–762 бб.
- Турсун М.М., Сеитова Н.Ж. Сән индустриясына цифрлық революция енгізген инновациялық технологиялар // «Ұлттық кәсіби өнерде пәнаралық байланыстарды интеграциялау» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағы. – 2023. – №2. – 115 б.
Сертификаттары
2023 – Scopus платформасы бойынша:
- «Әдеби шолуды қалай жазу керек» (9 қазан)
- «Ғылыми журналды қалай табу керек» (10 қазан)
- «Ғылыми ынтымақтастықты қалай табу керек» (11 қазан)
- «Әдебиеттер тізімін Scopus және Mendeley арқылы өңдеу» (12 қазан)
- «Elsevier аясындағы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары бойынша зерттеу» (13 қазан)
2024 – IED (Алматы) ұйымдастырған «Шығармашылық үдерістегі шеберліктің маңызы» атты мастер-класс
2024 – «Fashion for Future» жас дизайнерлер байқауының қатысушысы
2025 – Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы «Маусымдық мектеп», тақырыбы: «Дизайн» (03–14 наурыз, Санкт-Петербург мемлекеттік өнеркәсіптік технологиялар және дизайн университеті, №85-CH)
2025 – «Заманауи өнер мен жасанды интеллект трансформациясы» тақырыбындағы V халықаралық «Үздік постерлік баяндама» байқауына қатысқаны үшін сертификат
2025 – «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту (72 сағ., №000000894226-17112025)
2026 – «Жоғары оқу орнындағы инклюзивті білім беру» (72 сағ., ҚР ЖОО қауымдастығы, №124)