1972 жылғы 26 маусымда Алматы қаласында туған.
1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің (Алматы қ.) заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі – «Заңгер».
2005 жылы «Қайнар» университетінің (Алматы қ.) ғылыми-педагогикалық магистратурасын бітіріп, құқықтану магистрі дәрежесі берілді.
2015 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының PhD докторантурасын «6D030300 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітіріп, философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
1995–1996 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасында (Октябрь аудандық халық соты) сот орындаушысы болып жұмыс істеді.
1996–2000 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті заң факультетінің мемлекеттік басқару кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді.
1997–2005 жылдары Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтының мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.
2000–2005 жылдары «Қайнар» университеті заң факультетінің мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді.
2002–2007 жылдары Мәскеу еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.
2005–2007 жылдары Алматы энергетика және байланыс институтының әлеуметтік пәндер кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.
2006–2008 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді.
2008–2021 жылдары ішкі істер органдарында қызмет атқарды, запастағы полиция майоры.
2021–2024 жылдары Қазақстан-Ресей халықаралық университетінің «Құқық» кафедрасында доцент, сондай-ақ 2021–2022 жылдары қоса атқару бойынша Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Құқықтану» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.
2024–2026 жылдары Баишев Университеті жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Құқық» білім беру бағдарламасында қауымдастырылған профессор (доцент) болып жұмыс істеді.
2026 жылғы 3 қыркүйектен бастап Тұран-Астана университеті құқық және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Ұлттық және халықаралық құқық» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті).
15 жылдан астам ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар.
Оқытатын пәндері: мемлекет және құқық теориясы, шет елдердің мемлекеті мен құқығының жалпы тарихы, құқық негіздері, саяси және құқықтық ілімдер тарихы, халықаралық жария құқық.
Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін меңгерген.
МАРАПАТТАРЫ
«ІІО үздігі» ІІ дәрежелі төсбелгісі. 13.06.2013 ж. № 77 бұйрық.
«ІІО-дағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалі. 13.12.2018 ж. № 353 бұйрық.
«Малкеджар Бөкенбаевқа 95 жыл» естелік төсбелгісі. 27.08.2020 ж. № 142 бұйрық.
«Халық алғысы» медалі. Қазақстан Республикасы Президентінің 14.09.2020 ж. № 421 Жарлығы.
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
Сертификат: «Құқықтық сана және құқықтық мәдениет, қазіргі қоғамдағы құқықтық тәрбие мәселелері (Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша)», 72 сағат. «Global Professional Development» оқу орталығы, Алматы қ. 12–24.04.2021 ж.
Сертификат: «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы», 72 сағат. ҚР БҒМ «Мұғалім» біліктілікті арттыру институты. 15–26.11.2021 ж.
Сертификат: «Конституциялық құқық және құқықтық талдау әдіснамасы», 72 сағат. ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты. 20.07–03.08.2022 ж.
Сертификат: «Мемлекеттік қызмет және құқық қорғау органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері», 72 сағат. ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты. 08–22.08.2022 ж.
Сертификат: «Заң пәндерін оқыту әдістемесі», 72 сағат. «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығы, Астана қ. 05–20.06.2023 ж.
Сертификат: «Инклюзивті білім беру: теория және практика», 72 сағат. Баишев Университетінің біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институты. 08–19.01.2024 ж.
Сертификат: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері», 72 сағат. «Академия ЭРУДИТ» оқу орталығы, Ақтөбе қ. 27.05–07.06.2024 ж.
Сертификат: «Әкімшілік құқық және процесс», 72 сағат. «Академия ЭРУДИТ» оқу орталығы, Ақтөбе қ. 10–21.06.2024 ж.
Сертификат: «Құқықтану саласындағы ЖОО оқытушысының кәсіби шеберлігін жетілдіру», 80 сағат. «ТИСБИ» басқару университеті, Қазан қ. 12–29.08.2024 ж.
Сертификат: «Жасанды интеллект негіздері: ChatGPT», 8 сағат. Lerna онлайн-курсы, Астана қ. 02.04.2025 ж.
Сертификат: «Конституциялық реформа аясында Қазақстан Республикасының конституциялық және әкімшілік заңнамасын дамытудың мәселелері мен болашағы», 80 сағат. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. 12–23.01.2026 ж.
Сертификат: «Академиялық үдерістегі жасанды интеллект», 72 сағат. Strike Plagiarism. 18–26.05.2026 ж.