1981 жылғы 28 ақпанда Қостанай облысы Жітіқара қаласында дүниеге келген.
Жоғары заңгерлік және экономикалық білімі бар.
2002 жылғы тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында қызмет атқарады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі департаментінің бастығы қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болып табылады.
КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ
Қызметтік және қоғамдық қызметі аясында Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды бастамаларды әзірлеуге және енгізуге қатысқан:
- 2014 жыл — Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін (ЕРДР) әзірлеуге қатысу
- 2017 жыл — Электрондық қылмыстық істі әзірлеу және енгізуге қатысу
- 2023 жыл — Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңды әзірлеуге қатысу
- 2024 жыл — Ұрып-соғу және жеңіл дене жарақатын келтіру үшін жауапкершілікті криминализациялау туралы заңды әзірлеуге қатысу
- 2024–2025 жылдар — «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңды әзірлеуге қатысу