Тұрлыбаев Орын Нұржанұлы

Тұрлыбаев Орын Нұржанұлы

Тұрлыбаев Орын Нұржанұлы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент.

08.10.1979 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

2000 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын "Құқықтану"мамандығы бойынша үздік бітірді.

2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Есеп және аудит" мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор Б.М. Нұрғалиевтің жетекшілігімен 12.00.09: қылмыстық процесс; криминалистика және сот сараптамасы; ОРД мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

2009 жылы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау комитетінің шешімімен "құқықтану доценті" ғылыми атағы берілді.

1996-2009 жылдар аралығында ҚР Ішкі істер органдарында қызмет атқарды.

2010-2014 жылдар аралығында ҚР Қаржы полициясы органдарында қызмет атқарды.

2014 жылдан 2025 жылға дейін Экономикалық тергеу қызметінің жедел-тергеу бөлімшелерінде басшылық лауазымдарда болды.

2025 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты.

2025 жылдың желтоқсан айынан бастап Тұран-Астана университетінің "Ұлттық және халықаралық құқық" кафедрасының доценті.

10 жылдан астам ғылыми-педагогикалық және 12 жылдан астам тергеу-жедел жұмыс тәжірибесі бар.

Біліктілікті арттыру: Будапешт (2014), Астана (2025, 2026).

2023 жылы ҚР СТ ISO 21500 ISO стандарты бойынша жобаларды басқару сертификаты алынды.

50-ден астам жарияланымның авторы, оның ішінде 1 монография, 2 оқу құралы, 1 "Криминалистика" оқулығы (авторлық ұжым құрамында).