Есеп және аудит
Бакалавриат

Есеп және аудит
5В050800

Егер сіз тәуелсіз, жауапты және өз көзқарасыңызды қорғай алсаңыз, сіз әрқашан жұмыс пен ақшамен жұмыс істегіңіз келеді, сондықтан бұл үшін ең қызықты және сұранысқа ие мамандықтардың бірі - бухгалтерлік есеп және аудит.
  • Оқытылу тілдері

    Қазақ, орыс тілі

  • Оқытылу мерзімі

    Күндізгі – 4 жыл; ОКБ базасында (колледж) – 3 жыл; сырттай оқу бөлімі (колледж базасында) – 3 жыл; сырттай оқу бөлімі (жоғары білім базасында) – 2 жыл.

  • Академиялық дәрежесі

    Экономика және бизнес бакалавры

  • Бағдарламаға тоқталсақ

    Бухгалтерлік есеп бакалавры іскер ортада , сол сияқты мемлекеттік құрылымдарда  қаржылық ресурстарды талдау және басқару, қаржылық есептілік саласындағы сіздердің білімдеріңіз бен практикалық дағдыларыңызды дамытудың бастапқы платформасы болып табылады. Қазақстандық білім беру стандарттарына сәйкес алынатын дәреже сіздерге іскер ақпарат ортасында басқару, маркетинг, халықаралық бизнес, корпоративтік тұрақтылық , қаржы сияқты пәндерді икемді меңгеруге жағдай жасайды.

    Сіз бухгалтерлік есеп саласында қалыптасатын сұрақтарды егжей-тегжейлі талдау мүмкіндігіне ие боласыз. Сонымен қатар өзіңіздің болашақ академиялық және кәсіби құзыреттіліктеріңіздің қалыптасуына септігін тигізетін бухгелтерлік есеп саласындағы ғылыми зерттеулерге қол жеткізе аласыз.

    Осы аталған академиялық және кәсіби құзыреттіліктер сіздің кәсіби маман ретінде қалыптасуыңызға, сіздің карьералық өсуіңізге, бухгалтерлік есеп бағытындағы ілгерлемелі зерттеулерді қалыптастыруыңызға септігін тигізеді.

    Барлық деңгейдегі курстарды жақсы аяқтағаннан соң студенттер қол жеткізуіне болады:

    • бухгалтерлік есептегі теориялық және техникалық білімдерін бизнес ортаға интеграциялауға;
    • бухгалтерлік есептің күнделікті қалыптасатын мәселелердің мүмкін шешімдерін қамтамасыз ететін бақылау жасауға;
    • ұсынылатын қаржылық есептіліктердің шынайылылығын қамтамасыз ететін есептің теориялық білімдері мен дағдыларын өз деңгейінде қолданыға;
    • мамандарға, сол сияқты маман еместерге бухгалтерлік есеп бойынша ұсыныстар мен пікірлерді негіздеу және хабарлауға;
    • қаржы-банк жүйесінде, ірі бизнес және шағын кәсіпкерлік саласында, ұлттық және шағын кәсіпкерлік саласында, ұлттық және шетелдік компанияларда бухгалтер, бас бухгалтер, қаржы директоры лауазымы қызметтерін атқаруға;
    • аудиторлық компанияларда кеңестік қызметтер, салықтық басқарма ларда жұмыс жасауға және аудит жүргізуге;

     

     

Жалғастырсақ:

Бухгалтер:

-бухгалтерлік және салықтық есептің, аудиттің ұйымдастырылуын біледі;

-ұйымның қаржылық қызметінің талдауын жүргізеді;

-қолданбалы бағдарламаларды  игереді (1С, SAP,ORACLE), ХҚЕС;

- материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді;

-қаржылық есептілікті құрастыруды біледі;

-бухгалтерлік есепті жүргізе біледі.

Аудитор:

Бұл - компанияның қаржылық және салықтық есептілігінің тексеруін, оның жұмысының қаржылық тиімділігін бағалайтын, айқындалған қателіктерді түзету бойынша басқармаға ұсыныстар мен кеңестер беретін маман.

 

 

 Элективті пәндер каталогы

 

Контакт - центр