Баялин Ербол Капсаметович

Баялин Ербол Капсаметович

1972 жылғы 28 мамырда Целиноград қаласында (қазіргі Астана) дүниеге келген.

1994 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2024 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде 7M04217 «Құқықтану» мамандығы бойынша құқық магистрі дәрежесі берілген.

1994–2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде, Мемлекеттік тергеу комитетінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде тергеуші, аға тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші лауазымдарында қызмет атқарған.

2001–2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң басқармасында офицерлік құрам лауазымдарында қызмет еткен.

2007–2008 жылдары ҚР ҰҚК Шекара қызметінің заң бөлімшесін басқарған.

2008–2010 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң басқармасының басшысы болған.

2010–2013 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кадр қызметі бөлімшелерін басқарған.

2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ҰҚК заң қызметінің басшылық құрамында қызмет атқарады. Қазіргі уақытта аталған қызметті басқарады.

Әскери атағы: полковник

Мемлекеттік наградасы: «Ерен еңбегі үшін» медалі

Ғылыми жобаларға қатысуы, сертификаттары мен жарияланымдары туралы ақпарат арнайы мемлекеттік органдардағы қызмет ерекшеліктеріне байланысты қолжетімділігі шектеулі және жария етуге жатпайды.