Искаков Бауржан Муратбекович

Искаков Бауржан Муратбекович

Искаков Бауржан Муратбекович
Ср 16:00-17:00, B226; Пт 16:00-17:00, В222
b.iskakov@tau-edu.kz

Искаков Бауыржан Мұратбекұлы
Экономика ғылымдарының кандидаты,
қау. профессор.

01.01.1982 жылы Семей облысы Абай ауданының Көкбай ауылында дүниеге келген.

2003 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын «Экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.

2003-2004 жылдары Семей қаласындағы Қазақ қаржы-экономикалық институтында аға оқытушы болып жұмыс істеді.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, Қапшағай қаласында әскери қызмет атқарды.

2010 жылы экономика ғылымдарының докторы, профессор Толыспаев Бауыржан Советұлының ғылыми жетекшілігімен 08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

 

2010-2012 жылдар аралығында «Туран-Астана» университетінің «Экономикалық пәндер» кафедрасында доцент қызметін атқарды.

2013-2017 жылдар аралығында «Туран-Астана» университетінің «Бизнес және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

2017-2018 жылдар аралығында «Туран-Астана» университетінің Кәсіпкерлік және қосымша білім беру институтының директоры қызметін атқарды.

2018 жылдан бастап «Туран-Астана» университетінің «Бизнес-әкімшілік» кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді.

 

Ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу

  • 2019-2020 жылдары «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ базасында Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталығын құруға мамандар даярлау мақсатында қатысты.

 

2021 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері (2022 ж.).

 

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ:

 

  • Ресей Федерациясы, Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті (2018 ж.).
  • Ресей Федерациясы, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (2022 ж.).
  • Қытай Халық Республикасы, Чжэцзян қаржы және экономика университеті (2024 ж.).

 

ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

 

Негізгі жарияланымдар саны – 75-тен астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар.
Олардың ішінде: АҚШ, Ұлыбритания, Польша, Ресей, Украина елдеріндегі мақалалар.
Сонымен қатар, халықаралық SCOPUS дерекқорындағы 3 ғылыми мақала, Web of Science дерекқорындағы 1 ғылыми мақала, Web of Science Хирш индексі – 1.

 

ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ АВТОРЫ:

 

  • «Қаржылық тәуекелдерді басқару» оқу құралы. Нархоз университеті базасындағы РУМС «Қоғамдық ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтар тобы бойынша оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған. – Астана: «Мастер ПО», 2017.
  • «Инновациялық менеджмент» оқу құралы. 1 том. – Алматы: «ТехноЭрудит», 2018.
  • «Инновациялық менеджмент» оқу құралы. 2 том. – Алматы: «ТехноЭрудит», 2018.
  • «Корпоративтік басқару» оқу құралы. – Нұр-Сұлтан: «Тұран-Астана» университетінің баспаханасы, 2020.
  • «Қаржы жүйесіндегі кәсіпкерлік» оқу құралы. – Нұр-Сұлтан: «Тұран-Астана» университетінің баспаханасы, 2020.

 

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

 

  • «Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ қаржы жөніндегі сарапшысы.
  • Орталық Азия білім беру аккредитациясы қауымдастығының (CAAAT) халықаралық аккредитация сарапшысы (05.04.2024 – 04.04.2029 ж.).
  • Қазақстан ұлттық сыйлығы «Қазақстан мұғалімі» жюри академиясының тәуелсіз мүшесі.
  • «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Кәсіпкерлік негіздері» оқу құралының рецензенті.
  • «Бастау Бизнес» жобасы аясында ауылдық жерлердегі жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға кәсіпкерлік негіздерін оқытты.
  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің уақытша мүшесі.
  • Тұрақты сарапшы.

Байланыс орталығы