Сапарова Гульнар Каримовна

Сапарова Гульнар Каримовна
Экономика ғылымдарының докторы, профессор

Гүлнар Каримқызы Сапарова, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

1954 жылы 26 қазанда Ақтөбе облысы, Ырғыз кентінде дүниеге келген.

1977 жылы Қарағанды кооперативтік институтын тәмамдады. Оқуды аяқтағаннан кейін Шымкент кооперативтік техникумында жұмыс істеді. 1979 жылы Центросоюздың Мәскеу кооперативтік институтының педагогикалық факультетін аяқтап, Қарағанды кооперативтік институтының экономика кафедрасында ассистент болып еңбек жолын бастады.

1983 жылы Мәскеу кооперативтік институтының аспирантурасына түсіп, «Мал шаруашылығы шикізатын мемлекеттік сатып алу және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2004 жылы «Қазақстандағы тұтыну кооперациясының әлеуметтік-экономикалық мәселелері: теория, тәжірибе, перспективалар» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

Докторлық диссертациясын қорғағанға дейін Қарағанды экономикалық университетінде экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі, кейін ғылыми-білім беру орталығының директоры қызметтерін атқарды.

2006–2008 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті экономика кафедрасының профессоры және экономика факультеті деканының орынбасары болды.

2008 жылдан бастап Қаржы-экономикалық колледж АҚ-ның вице-президенті, 2009 жылы Қаржы академиясы қаржы-экономикалық колледжінің директоры қызметін атқарды.

2010–2015 жылдары Қаржы академиясы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканы болып жұмыс істеді.

2014 жылы қоса атқару бойынша АӨК және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институтының Солтүстік филиалының директоры болды.

Қазіргі уақытта Тұран-Астана университеті «Бизнес-администрирование» кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді.

2009 жылы «Экономика» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы беріліп, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері атанды.

2015 жылы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі атағы берілді.

2016 жылы «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

140-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Негізгі еңбектері ауыл шаруашылығы экономикасы, азық-түлік қауіпсіздігі, өңірлік даму және инновациялар мәселелеріне арналған, Scopus және халықаралық журналдарда жарияланған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысы бойынша ғылыми жобалардың орындаушысы болды.

Докторлық және кандидаттық диссертациялардың ғылыми жетекшісі және ресми оппоненті. Оның жетекшілігімен 4 кандидаттық және 3 докторлық диссертация қорғалған.

Англия, Ресей, Беларусь және БАӘ елдерінде тағылымдамадан өткен. Сондай-ақ ҚР БҒМ, ҚР Қаржы министрлігі, Қарағанды және Ақмола облыстары әкімдіктері, ҚР АШМ жанындағы Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы және басқа да ұйымдардың алғыс хаттары мен грамоталарымен марапатталған.