Ақпарат
Университетімізде штаттық психолог жұмыс істейді. Психологиялық қызмет «Тұран-Астана» университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тәрбие жұмысы жүйесіне кіреді.
Психологтың қызметі студенттердің психикалық және тұлғалық дамуына қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдай жасауға, университет ұжымында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға және білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына кешенді психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған.
Психолог жұмысының негізгі мақсаты:
— студенттерге келесі бағыттар бойынша уақтылы, кешенді, тұлғаға бағытталған психологиялық көмек көрсету:
-
тұлғалық даму
-
оң әлеуметтену
-
кәсіби қалыптасу
-
өмірлік өзін-өзі анықтау
Психологқа келесі мәселелер бойынша жүгінуге болады:
1. Оқудағы қиындықтар
Егер сізде оқу, зейін, есте сақтау, мотивация немесе оқытушылармен қарым-қатынасқа қатысты қиындықтар болса, психолог себептерін анықтап, шешу жолдарын табуға көмектеседі.
2. Топтағы қарым-қатынас
Егер сізге адамдармен танысу, қарым-қатынас орнату қиын болса, психолог сізге қарым-қатынас дағдыларын дамытуға көмектеседі.
3. Ата-анамен қарым-қатынас
Ата-анамен түсініспеушілік, жанжалдар туындаса, психолог өзара түсіністікті жақсартуға көмектеседі.
4. Өмірлік жолды таңдау
Егер сіз болашағыңызға сенімсіз болсаңыз, психолог мақсаттарыңызды, қызығушылықтарыңызды және қабілеттеріңізді анықтауға көмектеседі.
5. Өзін-өзі дамыту және басқару
Сіз мақсат қою, уақытты басқару, эмоцияларды реттеу дағдыларын дамыта аласыз, сондай-ақ есте сақтау, зейін және шығармашылық қабілеттеріңізді жетілдіре аласыз.

Психологиялық қызметтің жұмыс уақыты:
-
Уақыты: 09:00 – 17:00
-
Телефон: +7 775 312 57 21
-
Психолог: Ерәділова Аяулым Төлеутаевна
-
Email: Sharipova04041996@mail.ru
-
Мекенжай: Ықылас Дүкенұлы көшесі 29а, А403 кабинет